Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Спорт журналистері федерациясының президенті сайланды

 

«Хабар» агенттігі спорт бөлімінің продюсері, аты аңызға айналған журналист Асхат Сәруәрбекұлы Жақаев Қазақстан Республикасы Спорт журналистері федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

«Жақаев «Қазақстан», «КТК» телеарналарында, «Наш спорт» интернет – порталында, «Қазақ радиосы» және «Русское радио Азии» радиостансаларында, «Караван» газетінде, «Футбольные вести» журналындағы сәтті жұмыстарының арқасында танымал болды», — делінген ақпаратта.

0
0
450

Алматыда ММА ALASH- PRIDE FC бойынша ауыр салмақты спортшылар гран-приі өтеді

 

7-ші шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ММА ALASH- PRIDE FC бойынша ауыр салмақты спортшылар сынға түседі.

Додада 10 спортшы «Әлем алыбы» атағын сарапқа салмақ. Жарысқа Корея, Түркия, Ресей, Молдова, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан өкілдері қатысады.

Қатысушылардың арасында дағыстандық «Горец» пен шешеннің «Вайнах», қазақстандық ММА жұлдыздары «Найман» Қуат Хамитов, «Арлан» Ержан Естанов пен «Қазақ» Қайрат Ахметов бар.

Турнир Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен өткізіледі.

0
0
303

ҚР Қорғаныс министрлігі: Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды

Кеше Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан 35-әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қорғаныс ведомствосының басшысы қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтап, дүниежүзінен жиналған дзюдошыларға сәттілік пен табыс тіледі. Ашылу салтанатында арнайы келген дүниежүзілік армия спорты кеңесі дзюдо спорты комитетінің төрағасы Фред Синхорст жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, қабылдаушы қазақстандық тарапқа алғысын білдірді. Әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар арасында Бразилия, Беларусь, Қытай Халық Республикасы, Польша, Эстония, Италия, Франция, Германия, Моңғолия, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ирак, Словакия, Алжи…

0
0
337

«Қазақстан Барысы» барша қазақтың рухын көтерді

Төл спортымыз қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде биыл семейлік балуан Айбек Нұғымаров жеңіске жетті. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дүбірлі доданың ақтық белдесуінде «Шығыс барысы» деген лақап аты бар Айбек қарағандылық Ержан Шынкеевтіңжауырынын жер иіскетті. Финалдық доданың ашылу салтанатында-ақ «Қазақстан Барысы» жобасының жыл өткен сайын қарқынды түрде дамып жатқанын байқадық. Астанадағы алып спорт сарайларының бірі «Сарыарқада» ине шаншар орынның болмағаны соның айғағы шығар. Өзіміздің арда тұтар азаматтарымызды айтпағанда, шетелден келген құрметті қонақтар да көп болды. Көршілес елдердің біразына тікелей эфир арқылы таралған белдесулерді 60-70 миллион көрерменге дейін тамашалауға мүмкіндік туды. Белдесулерді айтсаңызшы, балуандар бозкілемге шығып,қарсыл…

0
0
641

Қазақтың жойқын жұдырығы

»Әкем — орыс, шешем — кәріс. Ал мен — қазақпын», — деген Геннадий Головкин шаршы алаңдағы келесі кездесуін қыркүйек айына дейін өткізеді. Қарсыласы америкалық Питер Куиллин болуы мүмкін. WBO тұжырымында әлем чемпионы деген атағы бар бұл боксшы да Гена секілді осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген. Қазақтың сары алтыны Геннадий Головкин АҚШ-тыңКоннектикут штатында өткен жепке-жек кешінде британдық«мақтаншақ» Мэттью Маклиннің сазайын берді. Бұл оның шаршы алаңдағы 27-ші жекпе-жегі, 27-ші жеңісі, 24-ші нокауты болатын. Енді кім, Серхио Мартинес пен Хулио Сезар Чавесті күтеміз бе? Әй, қайдам, мына жекпе-жекті көрген болса, Чавестіңжерлесімізбен жұдырықтасуға жүрегі дауаламайтын шығар. Ал Мартинес жарақаттарын емдеу мақсатында ұзақ демалысқа кетті. Енді шаршы алаңға бір жылд…

0
0
470

Әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін қазан айына дейін өткізеді

 

Қазақстандық былғары қолғап шебері, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін тамыз немесе қыркүйек айларында өткізеді.

Бұл туралы Г.Головкин британдық Мэттью Маклинді үшінші раунда нокаутпен жеңгеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшының промоутері Том Леффер мәлім етті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Еске сала кетейік, Маклинді тізе бүктірген Головкиннің қоржынында 27 кездесудегі 27 жеңіс бар. Оның ішінде қазақстандық өз қарсыластарын 24 рет нокаутқа жіберген. Маклинді жеңгені үшін отандасымыз 350 мың АҚШ долларына ие болды.


0
0
369

«Астана» велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде 7-ші орынға тұрақтады

«Астана» қазақстандық командасының италияндық шабандозы Франческо Гавацци маусымның ең беделді көпкүндігі «Тур де Франстың» екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жетінші сатыға тұрақтады. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр. Гавацци жарыс сапындағы өзге велошабандоздар секілді жеңімпаз — Ян Бакелантсқа бір минутқа есе жіберді. Белгиялық мәре сызығына бірнеше шақырым қалғанда топ жарып, оған жетіп алу мүмкін болмады. Атап өткен абзал, мәре сызығын кесіп өткен алғашқы 40 шабандоздың арасында Гаваццидан басқа «Астана» құрамасының өкілдері болмады. Екінші орын словакиялық Петер Саганға бұйыртса, үштікті поляк Михал Квятковский түйіндеді. Велошабандоздар 1 шілде күні Аяччо мен Кальви қалаларының арасындағы 145,5 шақырымды бағындыратын болады. Үшінші орташа тау кезеңі пелотон үшін Корсиктегі соңғы жа…

0
0
365

Лашын Аймағамбетов Астана футбол федерациясының президенті болып сайланды

 

Лашын Аймағамбетов Астана футбол федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Өткен аптаның соңында өткен кезектен тыс есептік-сайлау алды конференция барысында Астана қалалық футбол федерациясының жауапты хатшысы Ернар Үсенбаев өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы есеп берді.

Сондай-ақ, конференцияда Астана футбол федерациясының жаңа президенті болып Аймағамбетов Лашын Ерқараұлының сайланғаны туралы айтылды. Ол бұғанға дейін Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі және «Астана» футбол клубының президенті болған.


0
0
573

Айбек Нұғымаров – 2013 жылғы Қазақстан Барысы

Ақтық сын ұзаққа созылмай, Ержан Шынкеев пен Айбек Нұғымаровтың белдесуінде жеңіс «Шығыс барысына» бұйырды. Бірінші айналым: «Қазақстан барысының» алғашқы жекпе-жегі «Шығыс барысы» Айбек Нұғымаровтың таза жеңісімен аяқталды. Оның қарсыласы – павлодарлық Дархан Жоламанов. Бозкілемдегі астаналық Асхат Уәлиев пен атыраулық Сұңғат Закарияев шыққан екінші белдесуде мұнайлы өлке палуанының мерейі үстем болды. Алматылық Айдос Қаңлыбаев Маңғыстау жерінен келген Балтабек Төтеновтен басым түсті. Қостанайлық Мұрат Кеңтонов Батыс Қазақстан палуаны Сұңғат Махамбетовпен белдесуде жеңіске жетті. Қарағандылық Олжас Шынкеев солтүстікқазақстандық Рүстем Жұмаевтан басым түсті. Ақтөбе жерінің тумасы Шыңғыс Шоқпытов «Жамбыл барысы» Айдос Теңгебаевқа есе жіберіп алды. Турнирдегі салмағы ең ауыр палуан – 160 ке…

0
0
1949

«KAZспорт» арнасының бағдарламасы

1 шілде күнгі «KAZспорт» телеарнасының бағдарламасы 11:00 - 11:00 Мемлекеттік уақыт қызметі: дәлме-дәл уақыт. Әнұран 11:00 - 11:30 «Ақ жол, «KAZsport!». Эфирдің ашылуына арналған салтанатты кеш. Тікелей эфир. (қаз., рус.) 11:30 - 11:35 Жаңалықтар 11:35 - 11:40 Күнтізбе. Спорт тарихында болған елеулі оқиғалар. (қаз.) 11:40 - 11:50 «Бодрость». Видеофильм. (рус.) 11:50 - 12:15 «Көк тудың желбіріген». Арнайы тележоба. (Қазақ спортының жеңістері туралы, Лондон-2012) (қаз.) 12:15 - 12:30 «Жеке Бапкер». Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ (қаз.) 12:30 - 12:35 Новости 12:35 - 12:40 Календарь. Спортивные события этого дня (рус.) 12:40 - 12:50 «Бодрость». Видеофильм. (рус.) 12:50 - 17:50 Қазақша күрес. «Қазақстан Барысы» (қаз.) 18:00 - 18:05 Жаңалықтар 18:05 - 18:10 Күнтізбе. Спорт тарихында болған елеулі оқиғалар.…

0
0
685