Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Астанада жаңа арена ашылды

Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі, мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз. Астанада бірегей жаңа «Тарлан» мұз аренасы ашылды.Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады. Мұз аренасы негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған. «Жоба бірінші кезекте, балалар мен жаңа бастап жүрген спортшыларға арналған. Біздің міндетіміз жас хоккейшілер үшін жаттығу алаңын жасау еді. Сонымен қатар, мұнда мәнерлеп сырғанау мектебі де айналыса алады. Мұз айдыны болашақ спортшылар мен жаппай сырғанауға арналған»,- деді «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚтөрағасы Ғазиз Шаханов. Жоба өте қысқа мерзімде австриялық жүйе бойынша салынды.Ұйымдасты…

0
0
338

Любко Петрович «Ақжайық» ФК-ны басқарады

Оралдық команданы танымал серб маманы Любко Петрович жаттықтыратын болады. Петрович қазақстандық футбол жанкүйерлерге «Тараз» командасының жаттықтырушысы ретінде жақсы таныс, деп хабарлайды Sports.kz.

Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алған Петрович оралдықтармен бірінші жаттығу жұмысын жүргізді. Артур Авакянц, Бауыржан Баймұхамедов, Эдуард Столбовой және Драган Джурджевич серб маманына команда жұмысы бойынша көмектесетін болады.

Қазіргі уақытта Любко Петрович командамен бірге Астанада жүр. Келісімге әзірше қол қойылған жоқ

 

«www.bnews.kz».

0
0
223

«Астана» велошабандозы Якоб Фульсан — «Тур де Франстың» 15-ші кезеңінде жетінші сатыға тұрақтады

Британдық Кристофер Фрум «Sky» көпкүндік «Тур де Франс» жарысының 15-ші кезеңінде жеңіске кетті, деп жазады Sports.kz. Екінші орында колумбиялық Найро Кинтана «Movistar», үшінші орында испан спортшысы Микель Ниеве «Euskaltel-Euskadi», дат Якоб Фульсан «Астана» жетінші орынға тұрақтады. Жалпы есепте Фрум көш бастап тұр, одан кейін голландиялық Бауке Моллема «Belkin» мен Испания спортшысы Альберто Контадор «Saxo-Tinkoff», ал Фульсан — жетінші орында. «Тур де Франс», 15-ші кезең Живор — Мон-Ванту, 242,5 шақ 1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») 2. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — +0:39 3. Микель Ниеве (Испания, «Euskaltel-Euskadi») — +1:23 7. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») — +1:43 Жалпы есеп 1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — 61:11:43 2. Бауке Моллема (Голландия, «Belkin») — +4,…

0
0
216

«Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді

 

Бүгін «Астана» ФК бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мен Еуропа Лигасы аясында болгарлық «Ботев» клубына қарсы өткізілген кешегі ойыннан кейін командадан кетуді ұйғардым. Мен – бас бапкермін, демек клубтың нәтижесіне жауап беруім керек. Мына жағдайда жеңілісті өз мойныма алсам деймін. Қалыптасқан жағдайды талдай келе, «Астана» үшін менің клубтан кеткенім пайдалы екенін түсіндім», — деді Беранек өз шешіміне қатысты.

Клуб басшылығы әзірге Беранектің өтінішіне қол қойған жоқ.

«www.bnews.kz».

0
0
331

Қазақстандық Сергей Емельянов – каноэмен есуден Универсиаданың күміс жүлдегері

Қазақстандық спортшы Сергей Емельянов 1000 метрде каноэмен жалғыз есуден Универсиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Емельянов 4:11.515 уақытын көрсетті. Ал алтын алған венгр Тамаш Кисстің нәтижесі – 4:10.837 болса, үшінші орын иесі ресейлік Илья Штокалов – 4:12.668 уақытында мәреге жетті.

Бұл осы жарыс бойынша қазақстандықтардың бірінші медалі екенін атап өту керек

 

«www.bnews.kz».

0
0
311

«Ботевті» бекер менсінбеппіз

Иә, «Ботевті» бекер менсінбеппіз. Жасыратыны жоқ, футболшыларымыз «қалпақпен қағып алады» деген сенім болған. Қайта «Левскиден» сескеніп едік. Бәрі керісінше болып шықты. Әй, бірақ, «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек те қызық… «Астана» ойсырай жеңілді. Өз алаңында күтпеген жерден 0:1 есебімен жеңіліп қалған елордалықтар Болгариядақақпаларына жауапсыз 5 доп жіберіп алды. «Ботев» (Пловдив, Болгария) — «Астана» 5:0 Голдар: Огнянов, 54. Анисе 56-пен. Неделев, 58. Грнчаров, 71. Неделев, 75. Ескертулер: Виейра 30 — Шахметов 11, Куат 29 Ойынның 34-минутында Исламбек Қуат алаңнан қуылды. «Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев, Спрокел, Огнянов, Христов, Анисе, Ирсак, Галчев (Педро 76), Виейра (Дьяков 61), Кортзорг (Неделев 46) «Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелао, Коробкин,…

0
0
270

Елдос Далабай: Табыс емес, ұлттық намыс үшiн күйесiң

– “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi де құлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттық намыс! Кеше Тараз қаласында облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екi спортзал кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл шара барысында “Әмiр және Д” ЖШС-ның атқарушы директоры Ләззат Оңғарқызы “Қазақстан барысының” былтыр­ғы жеңiмпазы Бейбiт Ыстыбаевқа “Тойота Ланд Крузер 200” автокөлiгiн сыйлады. Салтанатты шара кезiнде Бейбiттiң бапкерi Елдос Далабаймен сұхбаттасудың сәтi түстi. – Ақты қаралап, я болмаса әдiлдiктiң ақ жолынан тайған жағдайды атамқазақ “Көрген көзiм жазықты” деп үш-ақ сөзбен шегелей салған ғой, – деп бастады әңгiмесiн Елдос Далабай. – Күнi кеш…

0
0
1079

«Ақтөбе» — «Гандзасар». Тағы да — 2:1

Осыдан бір апта бұрын түзде Арменияның «Гандзасар» клубын 2:1 есебімен түзе бүктірген «Ақтөбе» өз алаңында да армяндарды дәл осындай есеппен жеңді. Енді Владимир Никитенко шәкірттері Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Норвегияның «Хедд» клубымен текетіреседі. Осыдан бір апта бұрын түзде Арменияның «Гандзасар» клубын 2:1 есебімен түзе бүктірген «Ақтөбе» өз алаңында да армяндарды дәл осындай есеппен жеңді. Енді Владимир Никитенко шәкірттері Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Норвегияның «Хедд» клубымен текетіреседі. «Ақтөбе» — «Гандзасар» (Армения) 2:1 Голдар: Кападзе, 2. Кападзе, 52 — Бегларян, 35. Ескертулер: Бадло 22, Логвиненко 27, Гейнрих 80 — Хачатрян Ара 48 «Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Кенжесариев, Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Кападзе (Тағыберген…

0
0
523

Желаяқтар енді әлем чемпионатына дайындалады

Азияның 43 елінің мыңға жуық спортшысы қатысқан «Сары құрлық» додасында 7-орынға тұрақтады. Ал көш басында – әдеттегідей, қытайлық атлеттер. Үндістанның Пуна қаласында жеңіл атлетикадан Азия біріншілігі мәресіне жетіп, «Спорт падишасының» қазақстандықөкілдері елге екі алтын, бір күміс, екі қола медальмен оралды. Сөйтіп, Азияның 43 елінің мыңға жуық спортшысы қатысқан «Сары құрлық» додасында 7-орынға тұрақтады. Ал көш басында –әдеттегідей, қытайлық атлеттер. Бірінші алтынды Қазақ еліне көп­сайыс­тан Дмитрий Карпов сыйлады. Әдетте найза лақтыруда қапы қалып жүрген жер­ле­сіміз ақырындап бұл көрсеткішін де жақ­сартып келеді. Азия біріншілігінде Карпов қарсы­ластарынан алғашқы бағ­дар­ламаларда-ақ ұзап кетті. Нәтижесінде, 8037 ұпай жинап, құрлық рекордын жаңарт­ты. Екінші орын жапон жігіті На…

0
0
590

Мылқау спортшылардың мұңын кім тыңдайды?

Cпортшыларды денсаулықтарына қарай бөліп, алалау Қазақстан сияқты айбарлы елге жараспас. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды көкке көтерген барлық спорт­шы­ларымызға бірдей қарағанымыз жөн болар. Сурдлимпиада. Төрт жылда бір рет өтетін мылқаулар арасындағы дүниежүзілік спорттық бәсеке биыл 22-нші ретұйым­дас­тырылмақ. Шілденің 26-сы мен тамыздың 2-сі аралығында Болгария аста­насы Софияда өтеді. Атал­мыш сынға Қазақстан спорт­шылары да жан-жақты дайын­далуда. Алайда билік тарапынан қолдау көрмей отыр­ған жерлестеріміздің бар мұң-шері ішінде. Софиядан жүл­демен оралған жағдайда қолдау көрсетіп, сыйақы бері­ле­тіндігіне күмәнмен қарай­ды. Оған себеп те жоқ емес. Болгария Сурдлимпиадасына дайын­дық­тарын өз көзімізбен көру үшін жақында балуандарымыздың жиынына бардық…

0
0
913