Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Универсиаданың бесінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте 11-ші орынға төмен түсті

Универсиаданың бесінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте 11-ші орынға төмен түсті, деп хабарлайды BNews.kz. Қазандағы Универсиаданың бесінші күнінде қазақстандық спортшылар тек екі күміс жүлде ғана алды. 56 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшы Рустам Рустамов финалда ресейлік Сергей Водопьяновқа есе жіберіп қойды – 1:2. Жан Кособуцкий (+ 91) де ресейлік Магомед Омаровпен жұдырықтасып, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. 20 шақырымға жүруден финалда Айман Қожахметова сегізінші орынды иеленді. Қолды тіреп секіруден гимнасшылар арасында Виктор Кочерин алтыншы болды. Ауыр атлет Кирил Павлов 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға тұрақьаса, әйелдер арасында Гүлназ Наурызова (69 кг) алтыншы болды. Медальдік есеп: 1. Ресей – 115 (62,26,27); 2. Жапония – 31 (7,11.13); 3.…

0
0
299

Еуропаның үздік футболшысына үміткерлер белгілі болды

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы ( УЕФА) 2012/2013 маусымдағы Еуропаның ең үздік ойыншысы жүлдесіне үміткер 10 футболшының тізімін жариялады. Тізім қауымдастық құрамына кіретін тілшілердің дауыс беру нәтижесінде түзілген. Еуропаның үздік футболшысына үміткерлер саны бойынша биылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Бавария» көш бастап тұр. Атақты неміс клубының сапынан – Томас Мюллер, Арьен Роббен, Франк Рибери және Бастиан Швайнштайгер бар. Ал финалда «Баварияның» қарсыласы атанған дортмундтық «Боруссия» сапынан жалғыз ғана футболшы тізімге еніпті. Ол – биылғы маусымда ерекше ойын өрнегімен көзге түскен Роберт Левандовски. Сонымен қатар бұл жүлденің басты үміткерлері тізіміне мадридтік «Реалдан» Криштиану Роналду, «Барселонадан» Лионель Месси, «ПСЖ» сапынан Златан Ибрагимович, «Тот…

0
0
464

Pустам Рустамов — Универсиаданың күміс жүлдегері


Қазандағы Универсиада ойындарында боксшы Рустам Рустамов Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.

Қазандағы Универсиада ойындарында боксшы Рустам РустамовҚазақстан қоржынына күміс медаль салды.

2007 жылғы әлем чемпионы Сергей Водопьяновпен қолғап түйістірген Рустам 1:2 есебімен әккі қарсыласына есе жіберді.

Рустам 56 келіде ел намысын қорғаған болатын. Осылайша, құрама қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты.

49 келіде өзбекстандық Хасанбай  Досматов, 52 келіде моңғолиялық Энхгелдер Харху Универсиада чемпиондары атанды.

0
0
280

Футбол жаңалықтары

Футбол әлемінің жаңалықтары: Рaуль футболмен қоштаспақ Испания құрамасы мен «Реалдың» аты аңыз ойыншысы Рaуль 22 тамыз күні футболмен қош айтыспақ. Сол күні аталған шабуылшы өнер көрсететін кaтaрлық «Aль-Сaдд» командасы «Сaнтьягo Бeрнaбeу» төрінде «кoрoльдік клубпен» кездесу өткізеді. Бұл туралы «Реалдың» ресми сайты ақпар таратуда. Естеріңізде болса, Рaуль мадридтік клуб сапында 1994 пен 2010 жылдар аралығында өнер көрсетіп, өзі қатысқан 741 ойында 323 гол соққан болатын. Қорғаушыны 50 допқа сатып жіберді Коста-Рика чемпионатының екінші біріншілігінде өнер көрсететін «Пума» клубы өзінің орталық қорғаушысы Роджер Фалльясты жоғары дивизиондағы «Универсидад де Коста-Рикаға» 50 футбол добына ауыстырып отыр, деуде Goal.com. Футболшымен арадағы келісімнің тәмәмдалуына байланысты, «Пуманың» спо…

0
0
1066

«Монаконың» миллиондары

«Монако» осы маусымда қаржы жұмсау жағынан қалталы клубтардың қатарына кіріп отыр. Францияның 1 лигасына қайта оралған команда 144 миллион еуро жұмсап үлгерген. Қомақты қаржының бұл мөлшері «Барселона» мен «Манчестер Сити» жұмсаған қаржының ортақ көлемінен де асып отыр. «Монако» осы маусымда төмендегі ойыншыларға құда түсті:Жереми Тулалан («Малага», 5 млн), Радамель Фалькао («Атлетико», 60 млн), Хамес Родригес («Порту», 45 млн), Жоао Моутинью («Порту», 25 млн), Энтони Мартиал («Лион», 5 млн), Николя Изима-Мирен («Валансьен», 4 млн), Эрик Абидаль («Барселона», тегін), Рикардо Карвальо («Реал», тегін). «Барселона» Неймарды 57 миллион еуроға сатып алса, Боян Кркичті 13 млн еуроға сатты. «Сити» болса, Фернандиньо мен (40 млн еуро) Хесус Наваспен (20 млн еуро) толықты. Миллион еуродан жұмсап ү…

0
0
296

Финалда екі-ақ боксшымыз қалды

Ертең финал. Ақтық айқаста бас жүлдеге екі жерлесіміз таласады. Өкінішке қарай, қалған екі боксшымыз жартылай финалда сүрінді. Татарстан астанасы Қазанда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарының бокс бәсекесі шарықтау шегіне жақындап қалды. Ертең финал. Ақтық айқаста бас жүлдеге екі жерлесіміз таласады. Өкінішке қарай, қалған екі боксшымыз жартылай финалда сүрінді. Жартылай финалда Қазақстан құрамасының төрт боксшысы өнер көрсеткен. Бірақ 49 келідегі шымкенттік Ержан Жомарт оңтүстік кореялық Инкю Кимнен айласын асыра алмады. Жекпе-жекті тәп-тәуір бастап, бірінші раундты өз пайдасына шешкен жерлесіміз қалған екі раундта кәріс жігітінің қарқынына төтеп бере алмады. Нәтижесінде, қола жүлдемен шектелді. Одан кейін 56 келідегі алматылық Рустам Рустамовтың шеберлігіне тәнті болдық. Моңғол марғ…

0
0
379

Қазақстандық спортшылар Универсиадада тағы екі медаль жеңіп алды

 

Қазақстандық спортшылар Карина Горичева мен Нұрдәулет Жарманов құрама қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды sports.kz.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлет қызымыз Универсиаданың күмісін иеленді.

Алтын 227 (100+127) келіні көтерген Солтүстік Кореялық Пьон Йон Мидің еншісінде кетсе, қола 226 (98+128) келіні басынан асырған Оңтүстік Кореялық Ким Сукьюнға бұйырды.

Нұрдәулет Жарманов жартылай финалдағы бокс жекпе-жегінде өзбек Азизбек Абдугофуровқа есе жіберді.

Ертең Абдугофуров финалда «украина атаманы» Дмитрий Митрофановпен жұдырық түйістіреді.

0
0
272

Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Солтүстікқазақстандық Айдар Қазов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық Айдар Қазов Бішкекте өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Айдар Қазов ҚР спорт шебері, ол Эрик Әлібаев пен Дәулет Әділғазиннің тәрбиеленушісі.

«77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 179 келі нәтижемен Айдар зілтемірді жұлқи көтеруде бірінші болды. Серпе көтеруде Айдар үшінші нәтиже (135 келі) көрсетті. Осылай жалпы 314 келі нәтижемен жалпы есепте үшінші орынды иеленді», — деп хабарлады тілшіге Дарья Тушина.

0
0
344

«Астана — Барселона» мектебінде 80 бала футболдың қыр-сырын үйренуде

«Астана-Арена» стадионында Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Кеңсе басшысы, «Назарбаев Орталығы» ММ директоры қызметін уақытша атқарушы Махмұд Қасымбеков «Астана-Барселона» балалар футболы жазғы мектебінің тәрбиенушілерімен кездесті, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі. «Мемлекетіміздің тарапынан спортқа, оның ішінде балалар спортына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Себебі, балалар спорты біздің болашағымыз. Осы ұйымдастырылып отырған жазғы футбол лагері сіздер үшін үлкен мүмкіншілік, әрі сіздерге зор үміт артылуда. Сіздерге еліміздің футбол спортын жаңа деңгейге көтеру міндеті жүктеліп отыр. Жаңа табыстар мен сәттілік тілеймін», — деп атап өтті жазғы футбол мектебінің тәрбиеленушілерін құттықтаған М.Қасымбеков. Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сей…

0
0
519

Мектептердің жартысынан көбі дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы төлемей отыр

Білім беру ұйымарының 55%-ында дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық жұмыстарды жүргізгені үшін қосымша ақы төленбей отыр. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов хабарлады. «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетістіктермен қатар бірқатар мәселелер де бар. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы Үкімет қаулысына сәйкес, сабақтан тыс уақытта спорттық сабақтарды жүргізгені үшін мектептерде базалық лауазымдық қызметақының 45%-ы төленуі тиіс. Дегенмен, Агенттік жүргізген талдау барысында айына 7964 теңгені құрайтын қосымша ақы білім беру ұйымдарының тек 45%-нда төленіп отырғандығы анықталды. Бұл мектеп оқушылары арасындағы бұқаралық спортты дамыту әлеуетін төмендедіп отыр, оның үстіне дене шын…

0
0
433