Елдос Далабай: Табыс емес, ұлттық намыс үшiн күйесiң
– “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi де құлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттық намыс!
Кеше Тараз қаласында облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екi спортзал кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл шара барысында “Әмiр және Д” ЖШС-ның атқарушы директоры Ләззат Оңғарқызы “Қазақстан барысының” былтырғы жеңiмпазы Бейбiт Ыстыбаевқа “Тойота Ланд Крузер 200” автокөлiгiн сыйлады. Салтанатты шара кезiнде Бейбiттiң бапкерi Елдос Далабаймен сұхбаттасудың сәтi түстi.
– Ақты қаралап, я болмаса әдiлдiктiң ақ жолынан тайған жағдайды атамқазақ “Көрген көзiм жазықты” деп үш-ақ сөзбен шегелей салған ғой, – деп бастады әңгiмесiн Елдос Далабай. – Күнi кеше мәресiне жеткен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесi үшiн өткен үшiншi “Қазақстан барысы” турнирiндегi сорақылыққа бұдан басқа айтар дұрыс жауап аузыма түспей тұр. Биылғы “Қазақстан барысының” басталуына бiр ай шамасы қалғандаҚызылорда облысы, Қармақшы ауданында Тайымбек Көмекбаев атындағы турнир өткен. Сол жарыстың жартылай финалдықбәсекесiнде шығысқазақстандық балуан Мұхит Тұрсыновпен белдесiп, Бейбiт шынтағын сындырып алған болатын. Жиырма күндей гипспен жүрiп, дайындығымызға небәрi он шақты күн ғана уақыт бөлдiк. Тiптi жарақатқа байланысты қатыспай қаламыз ба деген де күдiгiмiз болды. Әйтсе де, былтыр Бейбiт “Қазақстан барысы” атанғаннан кейiн “Алла қаласа, әлi үш рет ұтамын” деген уәдесiнiң үдесiнен шығуүшiн “Абылайдың асында шаппағанда..” деп жарақатқа қарамай, белiмiздi буып келген бетiмiз едi. Әлемдiк спортта кездеспеген ақылға қонымсыз сорақылықты бастан өткеремiз деген ой үш ұйықтасақ түске кiрмеген. Күйiнетiнiмiз, қазақ күресiнiң ережесi өрескел бұзылды. Мәселен, кiлем жетекшiсi, ұлттық және халықаралық дәрежедегi төрешi Бақыт Жаңбырбаевтың өзi халық алдына шығып түсiндiрдi емес пе? Белдесудi тiкелей эфирде жүргiзген өткен жылғы “Қазақстан барысының” күмiс жүлдегерi Шалқар Жоламанов та Шынкеев дау шығарған сәтте: “Бұл жерде Ержан қателеседi. Мұндай жағдайда бүк ұпайы берiлмейдi. Егер Ержан тағы дауласатын болса, жарыстан шеттетiледi”, – дедi. Бiрақ қазақ күресiнiң бекiтiлген ережесi жайына қалды. Кез келген спортшы төрешiмен дауласпауы керек. Спортшы тарапынан төрешiге бiр ауыз қарсы пiкiр айтылса, қатаң ескерту жасалады, оған көнбесе, жарыстан шеттетiлуi тиiс. Бұл жарысты әлемнiң қанша елi тамашалады десеңiзшi. Олардың алдында өзiмiздi-өзiмiз масқараладық. Мысалы, барлық елдiң өз ұлттық ойындары бар. Олар төрешiлердiңшешiмiне қарсы келмейдi. “Үмiтсiз шайтан” демей ме, осыған жауапты жоғарыдағы ағалардан күтiп жүрмiз. Бұлай болмаған жағдайда мұндайқитұрқы iс-әрекет келесi жарыстарда қайталанбасына кiм кепiл? Онда көп жанкүйер жинап алып, қазыларға айқайлатып қойып, жеңiстi бұра тартып ала бергенiмiз елдiгiмiзге сын.
Күнi кешеге дейiн үлкен мәртебеге ие болған “Қазақстан барысының” ақтық сынына шығу оңай емес. Ол спортшы мен бапкердiңкемiнде он жылғы еңбегi, төккен терi ғой. Ал оны 20-25 минутта жоққа шығаруды спортшының сағын сындыру демеске шара жоқ.
– Спортшының сағын сындыру демекшi, “Бейбiт үлкен спорттақала ма?” деп жанкүйерлерден сауал көптеп жолданады бiзге.
– Нақты кесiп айта алмаймын. Спортпен бiржола қоштасуы да мүмкiн. Уақыт көрсетедi ендi. Бейбiт өзi: “Алла жар болса, биыл және келесi жылы “Қазақстан барысы” болсам, түпкiлiктi дзюдомен шұғылданамын. Бұйырса, 2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасында елiмiздiң Көк байрағын желбiретуге бар күшiмдi саламын”, – дейтiн. Әрине, ақтықсынға Бейбiт пен Айбек шыққанда кiмнiң жеңетiнi бiр Аллаға ғана аян. Бiрақ бiз жартылай финалдық кездесу аяқталғанда төрешiлер Бейбiттiңқолын көтергенде екiншi мәрте “Қазақстан барысы” атанатынымызға сенiмдi едiк. Өйткенi Бейбiт Айбектi 2011 және 2012 жылғы “Қазақстан барысында” таза жеңгенi мәлiм. Ал артынша әлгiндей сорақы жағдай орын алып, ақтық айқаста Айбек пен Ержан белдесер алдында Нұғымаровтың жеңетiнiне iштей сенiмдi болдым. Олай дейтiнiм – Айбекөткен жылғы “Қазақстан барысында” және биылғы Петропавлда өткенҚазақстан чемпионатында Ержанды алып ұрған едi. Iшкi түйсiгiм алдамады.
– Қола белбеу үшiн күресуге неге шықпадыңыздар?
– “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi деқұлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттықнамыс! Әдiлқазыларға деген өкпемiздiң қара қазандай болғанын кiлемге шығып дауласып көрсеткенше, белдесуден бас тарту арқылы наразылықтанытайық деп ұйғардық.
Бейбiт тек жерлестерi үшiн ғана емес, күллi қазақ елiнiң алдында да жеңiлмегенiн көрсеттi. Соның дәлелi ретiнде елiмiздiң әр аймағынан жанашыр жандар қоңырау шалып, көңiлiмiздi өсiрiп жатыр. Астанадан Таразға ұшып келгенде әуежайда-ақ чемпионнан артық сый-құрмет көрсеткен Жамбыл жұртшылығына, облыстық спорт басқармасыныңбастығы Гамлет Қайнарбековке, облыстық қазақша күрес федерациясының басшысы Айтқазы Қарабалаевқа алғысымызды айтамыз.
Нұрболат ӘЛДИБЕК,

