Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Футбол жаңалықтары

Еуропа алаңдарында трансфер маусымы қызып тұр. Футбол базарындағы соңғы ауыс-түйістерден хабардар болыңыздар! Кевин Гамейро «Севильяға» ауысты Францияның және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Кевин Гамейроиспандық «Севильяға» ауысатын болды. Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлап отыр. 26 жастағы футболшы жақын күндері испандық команданың медициналық тексеруінен өтеді. Гамейроның трансферлік ауысым құны 28 миллион еуроға бағаланған. 2012-2013 жылғы маусымда Кевин Гамейро «ПСЖ» сапында 25 кездесуге қатысып, соның 8-де ерекше көзге түскен екен. Нани «Манчестер Юнайтедтен» кететінін мәлімдеді Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсететін португалдық жартылай қорғаушы Луи́ш Нани команда ауыстыратынын мәлімдеді. Португалдық футболшы мен «қызыл сойқандар» арасындағы келісім-шарт 2014 жылға…

0
0
752

Павлодарлық «Ертіс» қостанайлық «Тобылды» жеңді

АСТАНА. BNews.kz

Павлодарлық «Ертіс» премьер-лиганың 20-шы бөлімінің ойынында қостанайлық «Тобыл» командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Павлодарлық «Ертіс» Еуропа Лигасының екінші квалификациялық раундында босниялық «Широки Бриегті» 3:2 есебімен жеңгеннен кейін ішкі чемпионатта да қостанайлық «Тобылдан» 1:0 есебімен басым түсті. 80-ші минуттағы жалғыз голдың иесі – Қуаныш Бегадин.

0
0
273

Лондон Олимпиадасы тек бір жылдан кейін шығынын өтеді

ЛОНДОН BNews.kz

Осыдан бір жыл бұрын өткен Лондондағы жазғы Олимпиада ойындары Ұлыбританияға 9,9 млрд фунт стерлинг ($15,05 млрд) табыс әкеліп, осылайша өзіне кеткен шығынды толық өтеді, деп жазады «ЭК».

Сондай-ақ лондондық Олимпиада ойындарына байланысты табыстар жыл сайын еселене түсіп, 2020 жылы 28–40 млрд фунт стерлингке жететін болады.

Британия үкіметінің Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жұмсаған шығыны 8,9 млрд фунт стерлингті құрған болатын. 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында өткен лондондық жазғы Олимпиада ойындары тек бірегей спорттық мереке болып қана қоймай, сондай-ақ ең табысты қаржылық шара деп танылды.

0
0
367

Астанада теннистен ҚР Президентінің кубогы басталды

АСТАНА BNews.kz Бүгін Астанада ерлер арасында Challenger ATP және әйелдер арасында ITF сериясында теннистен жыл сайынғы «Президент кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Турнирге әлемнің 20 елінен келген танымал спортшылар қатысады. Соның ішінде,Дуди Села (Израиль, ATP рейтингінде 88-орын), Теймураз Габашвили (Ресей, 137), Иван Сергеев (Украина, 177), Константин Кравчук (Ресей, 179), Марсель Ильхан (Түркия, 180), Мария Жоао Кохлер (Португалия, 106 рейтинг WTA), Луксика Кумкум (Тайланд,107), Нина Братчикова (Ресей, 139), Тамарин Танасугарн (Тайланд, 165) және Надя Киченок (Украина,171). Кортта Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Зарина Дияс, Ксения Первак және басқа да жас теннисш…

0
0
321

«Қайрат» академиясы шақырады

Академияға балаларды іріктеу үшін ашық есік күндері өтіп, клубта балаларға арнап селекциялық тексеру өтеді. Тексеру нәтижесі бойынша дарынды жеткіншектер «Қайрат» академиясында тәлім алуға мүмкіндік алады.. Алматыда «Қайрат» футбол клубының балалар академиясы ашылды. Қала әкімдігі баспасөз қызметініңхабарлауынша, футбол құрамасының бұрынғы базасынан ашылған академияда 8 бен 13 жас аралығындағы балалар тәлім алады. — Біз балаларды кішкентай күнінен спортқа баулу мақсатында Каблуков көшесіндегі танымал базамызды қалпына келтіріп, іске қосып отырмыз. Мақсатымыз – алдағы уақытта әлемдік ареналарға шығу. Бұған біздің қаламыздың мүмкіндігі жетеді және осы мақсатқа жетеміз деп ойлаймын», – деді академияның ашылу салтанатында сөз алған қалаәкімі Ахметжан Есімов. Мәлімдемеге сүйенсек, академияға б…

0
1
3389

«Барселонаға» жаңа бапкер келді

Каталондық «Барселона» клубын аргентиналық маман Херардо Мартино жаттықтыратын болды. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлап отыр. Испандық клуб 50 жастағы Херардо Мартиномен 3 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Енді «Барселонаның» бапкерлік құрамында аргентиналық маманның көмекшілері Эльвио Паолороссо мен Хорхе Паутассо да бірге қызмет атқаратын болады. Бұған дейін «Барсаның» жаңа бапкері аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» командасын жаттықтырғаны белгілі. Сонымен қатар, Парагвай ұлттық құрамасымен 2010 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін, 2011 жылғы Америка Кубогында ақтық сынға дейін жеткен. Естеріңізге сала кетейік, «Барселонаның» бас бапкері 44 жастағы Тито Виланова денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өткен аптада өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Дайындаған: Өм…

0
0
460

Якоб Фульсан – «Тур де Франс» қорытындысы бойынша жалпы есепте жетінші орында

АСТАНА. 22 шiлде 2013, 09:10. BNews.kz Неміс Марсель Киттель«Team Argos-Shimano» «Тур де Франс» француздық жарысының қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Екінші орында Германияның тағы бір өкілі «Lotto Belisol» Андрэ Грайпель болса, үшінші орынға британдық Марк Кэвендиш «Omega Pharma-Quick Step» жайғасты. Ал бат Якоб Фульсан «Астана» 27-ші орында. Жалпы есепте британдық Кристофер Фрум «Sky» жеңіске жетті. Одан соң колумбиялық Найро Кинтана «Lotto Belisol» және испандық Хоаким Родригес тұр. Фульсан 7-ші орынға орналасты. «Тур де Франс» 21-ші кезең 1. Марсель Киттель (Германия, «Team Argos-Shimano») – 3:06:14 2. Андрэ Грайпель (Германия, «Lotto Belisol») 3. Марк Кэвендиш (Ұлыбритания, «Omega Pharma-Quick Step») 27. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») – +0,10 36. Энрико…

0
0
330

Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es. 2013 жылдың маусымында испандық «Сельтаға» басшылық етуге келген 43-жастағы Энрике клубпен екі жылға келісімшарт жасасқан еді. Енді каталондықтар Энрикені шақырту үшін «Сельтаға» үш миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Атап өту керек, 2008-2011 жылдары Энрике «Барселона» жастар командасына, кейіннен италияндық «Ромаға» басшылық жасады. Сонымен қатар, бұл орынға үміткерлер қатарында Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Микаэль Лаудруп («Суонси»), Роналд Куман («Фейеноорд») және Эрнесто Вальверде («Атлетик») бар. Естеріңізге салайық, «Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы 44-жастағы Тито Виланова денсаулығының нашарлауына байланыст…

0
0
384

Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті

Футболдан «Былғары доп» балалар-жастар турниріне Қазақстанның әр түрлі облыстарынан 16 команда қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қарағандыда өткен ауқымды республикалық турнирлердің біріне 2000-2001 жылы туған 288 спортшы қатысты.

Ойындар бір мезетте Қарағанды облысының екі стадионында: Сарандағы «Сұңқар» және Теміртаудағы «Металлург» стадионында өтті.

Үшін орын үшін Жамбыл және Шығыс Қазақстан командалары кездесіп, 3:0 есебімен Жамбыл облысы жеңіске жетті. Финалда Алматы мен Павлодар облысының командалары бақ сынап, 4:0 есебімен алматылықтар басым түсті.

Ойыннан кейін жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

 

«www.bnews.kz».

0
0
372

«Астана» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 09:18. BNews.kz

Белгілі болғанындай, румын Йоан Андоне «Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Андоне бапкерлік жұмысында 2004, 2008, 2012 жылдары Румынияның чемпионы және 2003, 2004, 2005, 2008 жылдары кубок иегері болған», — делінген хабарламада.

«Астананың» жаттықтырушылар штабына сондай-ақ Адриан Богдан мен дене шынықтыру бойынша маман италияндық Паоло Поточник кірді.

Келісімшартқа биылғы жылдың желтоқсанына дейін қол қойылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы басшылығының келісімімен «Астана» футбол клубы бас бапкер Мирослав Беранектің 12 шілде күні қызметтен кету туралы өтінішін қанағаттандырды.

 

«www.bnews.kz».

0
0
498