Якоб Фульсан – «Тур де Франс» қорытындысы бойынша жалпы есепте жетінші орында
АСТАНА. 22 шiлде 2013, 09:10. BNews.kz
Неміс Марсель Киттель«Team Argos-Shimano» «Тур де Франс» француздық жарысының қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
Екінші орында Германияның тағы бір өкілі «Lotto Belisol» Андрэ Грайпель болса, үшінші орынға британдық Марк Кэвендиш «Omega Pharma-Quick Step» жайғасты. Ал бат Якоб Фульсан «Астана» 27-ші орында.
Жалпы есепте британдық Кристофер Фрум «Sky» жеңіске жетті. Одан соң колумбиялық Найро Кинтана «Lotto Belisol» және испандық Хоаким Родригес тұр. Фульсан 7-ші орынға орналасты.
«Тур де Франс»
21-ші кезең
1. Марсель Киттель (Германия, «Team Argos-Shimano») – 3:06:14 2. Андрэ Грайпель (Германия, «Lotto Belisol») 3. Марк Кэвендиш (Ұлыбритания, «Omega Pharma-Quick Step»)
27. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») – +0,10 36. Энрико Гаспаротто (Италия, «Астана») 102. Франческо Гавацци (Италия, «Астана») – +0:34 150. Асан Базаев (Қазақстан, «Астана») – +2:21 165. Дмитрий Муравьев (Казахстан, «Астана») – +4:09
Жалпы есеп
1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») – 83:56:40 2. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar») – +4:20 3. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») – +5:04
7. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») – +12:17 84. Франческо Гавацци (Италия, «Астана») – +2:39:08 95. Энрико Гаспаротто (Италия, «Астана») – +2:53:36 167. Дмитрий Муравьев (Қазақстан, «Астана») – +4:21:46 168. Асан Базаев (Қазақстан, «Астана») — +4:24:52.
«www.bnews.kz».

