«Астана» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 09:18. BNews.kz
Белгілі болғанындай, румын Йоан Андоне «Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Андоне бапкерлік жұмысында 2004, 2008, 2012 жылдары Румынияның чемпионы және 2003, 2004, 2005, 2008 жылдары кубок иегері болған», — делінген хабарламада.
«Астананың» жаттықтырушылар штабына сондай-ақ Адриан Богдан мен дене шынықтыру бойынша маман италияндық Паоло Поточник кірді.
Келісімшартқа биылғы жылдың желтоқсанына дейін қол қойылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы басшылығының келісімімен «Астана» футбол клубы бас бапкер Мирослав Беранектің 12 шілде күні қызметтен кету туралы өтінішін қанағаттандырды.
«www.bnews.kz».
