Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті

Футболдан «Былғары доп» балалар-жастар турниріне Қазақстанның әр түрлі облыстарынан 16 команда қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қарағандыда өткен ауқымды республикалық турнирлердің біріне 2000-2001 жылы туған 288 спортшы қатысты.

Ойындар бір мезетте Қарағанды облысының екі стадионында: Сарандағы «Сұңқар» және Теміртаудағы «Металлург» стадионында өтті.

Үшін орын үшін Жамбыл және Шығыс Қазақстан командалары кездесіп, 3:0 есебімен Жамбыл облысы жеңіске жетті. Финалда Алматы мен Павлодар облысының командалары бақ сынап, 4:0 есебімен алматылықтар басым түсті.

Ойыннан кейін жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
371

Осы тақырып бойынша

Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті - Yvision.kz