Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада теннистен ҚР Президентінің кубогы басталды

АСТАНА BNews.kz

Бүгін Астанада ерлер арасында Challenger ATP және әйелдер арасында ITF сериясында теннистен жыл сайынғы «Президент кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Бұл туралы  astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Турнирге әлемнің 20 елінен келген танымал спортшылар қатысады. Соның ішінде,Дуди Села (Израиль, ATP рейтингінде 88-орын), Теймураз Габашвили (Ресей, 137), Иван Сергеев (Украина, 177), Константин Кравчук (Ресей, 179), Марсель Ильхан (Түркия, 180), Мария Жоао Кохлер (Португалия, 106 рейтинг WTA), Луксика Кумкум (Тайланд,107), Нина Братчикова (Ресей, 139), Тамарин Танасугарн (Тайланд, 165) және Надя Киченок (Украина,171).

Кортта Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Зарина Дияс, Ксения Первак және басқа да жас теннисшілер Қазақстанның намысынқорғайды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайды.

Негізгі матчтар 22 шілдеден бастап күн сайын сағат 10.00 «Дәулет» Ұлттық теннис орталығының ашық корттарында өтеді. Доданың финалы және жартылай финалы сенбі және жексенбі күндері сағат 12.00 белгіленген.

28 шілдеде сағат 11.30 отбасылық спорттық мереке, теннисшілердің қатысуымен эстафеталар ұйымдастырылады.

Халықаралық турнир бағдарламасы

22 шілде, дүйсенбі

10:00

Негізгі жеке кездесулер (1-айналым)

Жұптық кездесулер (1-айналым)

23 шілде, сейсенбі

10:00

Негізгі жеке кездесулер (1-айналым)

Жұптық кездесулер (1-айналым)

24 шілде, сәрсенбі

10:00

Негізгі жеке кездесулер (2-айналым)

Жұптық кездесулер (2 -айналым)

25 шілде, бейсенбі

10:00

Негізгі жеке кездесулер (Ширек финал)

Жұптық кездесулер (Ширек финал)

26 шілде, жұма

10:00

Негізгі жеке кездесулер(Ширек финал- ерлер)

Негізгі жеке кездесулер(Ширек финал- әйелдер)

Жұптық кездесулер (Жартылай финал — ерлер)

Жұптық кездесулер (Жартылай финал — әйелдер)

27 шілде, сенбі

12:00

Жұптық кездесулер (Финал — ерлер)

Жұптық кездесулер (Финал — әйелдер)

Негізгі жеке кездесулер (Жартылай финал — ерлер)

Негізгі жеке кездесулер (Жартылай финал — әйелдер)

28 шілде, жексенбі

12:00

Негізгі жеке кездесулер(Финал — әйелдер)

Негізгі жеке кездесулер(Финал — ерлер).

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
320

Осы тақырып бойынша

Астанада теннистен ҚР Президентінің кубогы басталды - Yvision.kz