Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Бразилиядағы 2014 жылғы ӘЧ матчтары билеттерінің құны жарияланды

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. 20 шiлде 2013, 17:44. BNews.kz Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионаты матчтары билеттерінің құнын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. Айта кетерлігі, билет турнир қожайындарына қарағанда қонақтарға қымбатырақ сатылмақ. «ӘЧ-2014 қонақтарына арналған ең арзан билет 90 доллар тұрады. Ол шетелден Бразилияға келген жанкүйерлерге жарыстың топтық кезеңі матчтарының біріне кіруге мүмкіндік береді. Финалдық ойындар кезінде шетелдіктер трибунадағы бір орын үшін 440-тан 990 долларға дейін төлейді», — делінген хабарламада. Бразилия тұрғындары үшін ең арзан билет 15 доллар тұрады. Бұл бағаға студенттер, елдің 60 жастан асқан тұрғындары мен бірқатар әлеуметтік бағдарламаға қатысушылар топтық кезең матчтарына…

0
0
283

«Ақтөбе» Еуропа лигасында норвегиялық «Хедд» клубынан ұтылып қалды

«Ақтөбе» Норвегияның «Хедд» клубына қарсы өткізілген Еуропа лигасының бірінші ойынында 0:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Sports.kz. Владимир Никитенко жылдам гол соғуды тапсырса керек, «Ақтөбе» командасы бірден алға ұмтылды. Сергей Давыдов қарсыластарды сыға жүріп қорғанысқа бар күшін салды. Әуелде қазақстандықтар басым көрінген, бірақ көп ұзамай норвегиялықтар шабуылдай бастады. Кенет қақпаға қарай тебілген доп ыршып барып Эспен Стандальдің аяғына түсіп еді, тәжірибелі футболшы мүмкіндікті қалт жібермеді. Қарымта ойын 25 шілдеде Ақтөбеде өтеді, басталуы 22:00-де. «Хедд» (Хедд, Норвегия) — «Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) 1:0 (1:0) Гол: Стандаль 28 (1:0) Ескерту: Эурнес 70 — Логвиненко 50 «Хедд»: Лье, Латифу, Тёрнквист (к), Молту, Брандаль, Нильсен, Эурсенс, Сандаль, Хелланд, Стандаль…

0
0
324

XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында 7 медаль ұту жоспарланып отыр

АСТАНА. 18 шiлде 2013, 15:26. BNews.kz Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияда өтетін XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында кем дегенде 7 медаль ұтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады жарыс алдындағы дайындық кезінде команда капитаны Серік Нұрғалиев. Бұл туралы команданың баспасөз атташесі Ринат Тасболатов ақпарат таратты. Құрама жетекшісінің хабарлауынша, қазақстандық атлеттер кем дегенде жеті алтын медаль алуды көздеп отыр. «Ағымдағы жылы Дүниежүзілік ойындарға бес спортшы қатысады. Үш күш спортының түрінен (бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) өнер көрсететін Серік Нұрғалиевтен басқа жарысқа ОҚО-дан келген құқық қорғау органдары арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Асқар Жандаров (дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес), астаналық халықаралық санаттағы спорт шебері…

0
0
275

Алыптар бағындырған асулар

Акакиос Какиашвилистің 14 жыл бұрынғы рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ Уақыт өткен сайын адамзат өз мүмкіндігінің жаңа бір белесін бағындырып, соны игіліктерді игеруден жалыққан емес. Бұрынғы бабаларымыздың түсіне кірмеген бүгінгі технологиялар соның жемісі. Десек те, жапырақтай бұйым арқылы бүкіл әлемді көз алдына келтірген бүгінгі жетістік адамзат дамуының шегі болмасы анық. Өйткені қазіргі таңда қандай саладан болсын, тек өрлеуді, алға басуды көреміз. Соның ішінде спорттың жөні бөлек. Иә, қоршаған ортаның көз ілеспес жылдамдықпен дамуы спортқа да айтарлықтай әсерін тигізді. Керек десеңіз, бүгінде құр алтынмен әлемді таң қалдыру қиын. Соны ескерген спортшылар бар күш-қайратын, ынта-жігерін сарқып сайысқа түсетін болды. Нәтижесінде, бұрын мүмкін болмаған межелер бағынып, жарыс сайын реко…

0
0
564

ESPN телекомпаниясының жүлделері өз иелерін тапты

Американдық теннисші қыз Серена Уильямс ESPN телекомпаниясының әйелдер арасындағы жылдың үздік спортшысына табыстайтын ESPY жүлдесіне ие болды. WTA рейтингісінде топ бастап келе жатқан Серена өткен күнтүзбелік жылда екі бірдей «Үлкен дулыға» жарысын (US Open-2012 және «Ролан Гаррос»-2013), Олимпиада ойындарын және WTA қорытынды турнирін ұтып алған болатын. Серена 2003 жылы да осы сыйлыққа ие болған еді. Ол сондай-ақ ESPN тағайындаған үздік теннисші қызға берілетін марапатты да иеленіп отыр. Өткен жылы бұл сыйлықты ресейлік қыз Марина Шарапова иеленген еді. Ал ерлер арасында үздік теннисші атағы осымен екінші рет серб Новак Джоковичке бұйырып отыр. Ерлер арасында барлық спорт түрінен жылдың үздігі болып баскетболшы Леброн Джеймс аталды. Ол ойнайтын «Майами Хит» клубы үздік команда болып та…

0
0
356

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары назарларыңызда: «Челси» Луиз Густавоға құда түспекші Лондондық »Челсидің» басшылығы »Баварияның» сапында жүрген Луиз Густавоға құда түспек. Бразилиялық қорғаушы жуық аралықта кетудің аз-ақ алдын да тұрған нигериялық Джон Оби Микелдің орнын баспақ, дейді talkSport. Басылымының таратқан ақпары бойынша, «Челси» Густаво үшін 16 миллион фунт стерлинг ұсынуға дайын. «Ақсүйектердің» бас бапкері Жозе Моуринью аталған ойыншыға қатты қызығушылық білдіріп, Бразилия ұлттық құрамасының сапында жүріп Конфедерация Кубогін иеленген ойыншыны өзіне алдырмақ. Неймар «11″ нөмірмен өнер көрсететін болды «Барселонаның» жаңа шабуылшысы Неймар қай нөмірде өнер көрсететінін түпкілікті шешкен көрінеді. Каталондықтардың қатарында қай нөмірмен өнер көрсетеді екен? Ертеректе »11″ нөмірлі жейде Тиаг…

0
0
584

Алты жасар шахматшы Сұлтан Әбен Азия чемпионатының қола жүлдегері

ТАРАЗ. 17 шiлде 2013, 14:26. BNews.kz time.kz сайтының суреті Олимпиада резервінің Жамбыл облыстық №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахматтан жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Нұргүл Иланбекованың тәрбиеленушісі — алты жасар Сұлтан Әбен — жаңа жұлдыздардың бірі деп жазады Sports.kz. «Ол өткен жылдан бастап шахматқа ден қойған, интеллектуалдық ойында ол жетістікке жетіп, ойынның алдағы бірнеше қадамын ойластыратын және стратегиялық ойлау қабілетті жоғары екендігін көрсетті», — деп көрсетілген жазбада. «Біздің шахмат бөлімінде осы жас шамасындағы оншақты бала бар. Сұлтан мектебімізге былтыр ғана келген. Біз онымен жарты жылдай айналысқан уақытта алғашқы нәтижелер пайда болды», дейді Нұргүл Иланбек. Жас шахматшы қалалалық және облыстық жарыстарда қарсыластар…

0
0
492

Қызылордалықтар ауыр атлет Александр Зайчиковты әуежайда қошеметпен қарсы алды

Қызылордалықтар Қазанда өткен универсиадаға қатысқан ауыр атлет Александр Зайчиковты әуежайда қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы Bnews.kz Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Ақерке Жоламанова. «Александр Зайчиков біздің университеттің «Денешынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студентті. Ол Қазанда өткен 7-ші Халықаралық унивесиадада 94 келіге дейін ауыр салмақта жалпы есепте 375 келі салмақ көтеріп (168+207 — Авт.) күміс медаль иеленді. Әуежайда Александр Зайчиковты оқу орнының ректоры Қылышбай Бисенов бастаған университет делегациясы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, спортшылар мен студенттер салтанатты түрде қошеметтеп қарсы алды. Олар Спортшыны жетістігімен құттықтады», — дейді баспасөз хатшысы. Спортшының жаттықтырушысы В…

0
0
394

Қазақстан құрамасы XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарына қатысады

АСТАНА. 18 шiлде 2013, 08:49. BNews.kz Фото: akipress.org Қазақстан құрамасы алдағы XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындары қарсаңында соңғы жаттығуларын жүргізуде. Жарыс 1 мен 10 тамыз аралығында Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) өтеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. «Бұл жарыста Қазақстан атынан ең нәтижелі атлет Серік Нұрғалиевтің басшылық етуімен 5 спортшы өнер көрсететін болады», — делінген хабарламада. Команда капитаны әлемнің он дүркін чемпионы әрі рекордсмені, құқық қорғаушы органдар арасында Еуропа чемпионы, күштік құрылымдар арасындағы біріншіліктердің 27 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль иегері болып табылады. Белфастте өтетін XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер олимпиадасында әлемнің 70-тен астам елінен шақыртылған 25 мыңға жуық көрер…

0
0
319

Оралда «Ақжайық» футбол клубының ойынын тамашалау ақылы болады

ОРАЛ. 17 шiлде 2013, 18:08. BNews.kz

«Ақжайық» футбол клубының матчына кіруге билет сатылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20-ші шілдеде Ақжайық пен Өскеменнің «Шығысы» кездесуіне алғаш рет билет сатылмақ.

«Билеттің құны ересектерге де балаларға да 100 теңге көлемінде белгіленді. Біз жанкүйерлерімізге ауыр болмауы үшін осындай бағамен билет сатамыз. Басқа қалалардың барлығында ойынды тамашалау ақылы»,- деді «Ақжайық» ФК пресс-атташесі Арсен Губашев.

Сонымен қатар, «Ақжайық» ФК бас директоры Рашит Хуснутдинов өз өтінішімен жұмыстан кеткені хабарланды. Бұл қызметті клуб директорының орынбасары болған Эрик Кенжебаев атқарады

0
0
353