Павлодарлық «Ертіс» қостанайлық «Тобылды» жеңді
АСТАНА. BNews.kz
Павлодарлық «Ертіс» премьер-лиганың 20-шы бөлімінің ойынында қостанайлық «Тобыл» командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Ертіс» Еуропа Лигасының екінші квалификациялық раундында босниялық «Широки Бриегті» 3:2 есебімен жеңгеннен кейін ішкі чемпионатта да қостанайлық «Тобылдан» 1:0 есебімен басым түсті. 80-ші минуттағы жалғыз голдың иесі – Қуаныш Бегадин.

