Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Лондон Олимпиадасы тек бір жылдан кейін шығынын өтеді

ЛОНДОН BNews.kz

Осыдан бір жыл бұрын өткен Лондондағы жазғы Олимпиада ойындары Ұлыбританияға 9,9 млрд фунт стерлинг ($15,05 млрд) табыс әкеліп, осылайша өзіне кеткен шығынды толық өтеді, деп жазады «ЭК».

Сондай-ақ лондондық Олимпиада ойындарына байланысты табыстар жыл сайын еселене түсіп, 2020 жылы 28–40 млрд фунт стерлингке жететін болады.

Британия үкіметінің Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жұмсаған шығыны 8,9 млрд фунт стерлингті құрған болатын. 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында өткен лондондық жазғы Олимпиада ойындары тек бірегей спорттық мереке болып қана қоймай, сондай-ақ ең табысты қаржылық шара деп танылды.

   
0
0
365

Осы тақырып бойынша

Лондон Олимпиадасы тек бір жылдан кейін шығынын өтеді - Yvision.kz