Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

Ашық есік күні өткізілді

          2018 жылдың маусым айының 21-ші жұлдызында   Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, мақсатында  аталған соттың кеңсе меңгерушісу И.А. Кумысбаеваның қатысуымен және қала тұрғындарымен  ашық есік күнін  өткізілді.

           Аталған іс-шара шегінде неке және отбасылық заңнамамен реттелетін туындаған сұрақтармен, кәмелетке толмаған балаларды  бағу үшін алимет өндіру және сот актілерінің орындалуы, әкелікті таныту,  ата-аналық құқықтан айыру туралы  сұрақтармен жүгінді.

         И.А. Кумысбаева аталған сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормалары негізінде  жауап берді.

        Аталған іс-шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін котеру, сондай-ақ, әділдікке қолжетімділік мақсатында өткізіледі.

         Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
115

Халықтың сотқа деген сенімін арттыру

             Өздеріңіз жақсы білесіздер, тәуелсіздік еліміздің сот саласына айтарлықтай өркендеу үстінде. Егемендік  жылдары  мемлекеттік биліктің бір тармағына айналған сот жүйесінің дамуы тиісті құжаттармен қамтамасыз етілгенін ескерсек, бұл ретте ең әуелі Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың  мәртебесі  туралы заңының алар орны ерекше. Сот билігі, сот жүйесі мен оның міндеттері, судьялардың құқықтары мен жауапкершілігі және басқа ережелер осы заңда қамтылған. Сот жүйесі сот билігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға-судьялардың бірыңғай мәртебесімен және қызметінің ерекше  режимімен  ерекшеленетінін  айта  кеткен  артық емес деп ойлаймын. Сот билігі өзіне бекітілген іс жүргізушілік нысандарын қатаң сақтай отырып тек соттармен жүзеге асырылатын биліктік өкілеттіктер жиынтығын құрайтын құрылым. Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға  арналған  100 нақты қадам Ұлт жоспарында сот жүйесінің заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойғаны мәлім. Осы аса маңызды мемлекеттік жоспарда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді мақсат еткен бірқатар шаралар көрсетілді. Сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, яғни бес сатыдан үш сатылы сот жүйесіне көшу, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін жетілдіру және біліктілік талаптарын қатайту, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және тағы да басқа мәселелер сот жүйесінің деңгейін көтеруде. 

          Қазыргы таңда халықтың сотқа деген сенімдері біршама артқан. Сот жүйесіндегі ашықтық принциптері осыған куә болады. 2014 жылдан бастап, Сот кабинеті сервисі іске қосылды. Осы арқылы электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтар сотқа талап арызды, шағым, өтініштерін электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеу мүмкіндігіне ие болды. Осындай жетістіктер сот саласының жұмысын жандандыруда.  

Судья  А.Б.Нұрбеков

0
0
187

"мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ұстану" туралы тренинг өткізілді

 Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қатаң түрде ұстануға  бағытталған тренинг  өткізілді.

Іс-шараны  аталған соттың бас  маманы  Г.С. Керимбекова жүргізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекетті кқызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілгенін, кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті екендігін атап өтті.

 Тренинг барысында өзекті мәселелер мен негізгі талаптарды атап өтіп, сот қызметкерлеріне қажетті материалдарды өткізді. 

0
0
116

"Тұран" Университетінің студенттеріне семинар сабақ өткізілді.

                Алматы қаласының  Жетісу аудандық сотында "Тұран" Университетінің заң факультетінің студенттеріне семинар сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында аталған соттың кеңсе меңгерушісі  студенттерге  Алматы  қаласы жетісу аудандық  сотының тарихын, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілі  істердің ерекшеліктерін, сот жүйесі жайлы, судьялыққа үміткерлерді таңдау принциптері, соттарда қолданатын ақпараттық технологиялар және т.б. айтып кетті. Таныстыру барысында студенттер көптеген сұрақтар қойды,атап айқанда қылмыстық істерді қарау тәртібі жайлы.

               Сонымен қатар студенттер сот мәжілісі залдарында болып, ашық сот отырысына қатысты.

              Іс-шара шеңберінде болашақ заңгерлер келешекте сот ісін жүргізілуіне қатысуға қызығушылық білдіріп, практика өтуге талпыныстарын білдірді.

0
0
114

Сотқа келушілердің қатысуымен Ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласының Жетісу  аудандық сотының ғимаратында Алматы қаласының ауданның сотқа келушілердің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 

       Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сот төрағасы сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

      Ашық есік күніне Жетісу ауданының  тұрғындары қатысып, оларға азаматтық істі  медиация тәртібімен қарау тәртібі бойынша түсініктеме берілді. Кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева сотқа келушілерге медиация - дауларды шешудің ең тиімді жолы екендігі және тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында, бейтарап тұлға медиатордың көмегімен, келіссөздер арқылы дауларды реттеу рәсімі екендігі туралы түсіндірді. Медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай –ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі. Медиацияның мақсаттары - дауларды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даулаушылық деңгейін төмендету. Медиацияның қағидалары болып еріктілік, медиация тарапынан тең құқылығы, медиатордың тәуелсідігі мен бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық жатады.  Медиация тараптардың  медиатордың  жәрдемдесуімен дауды сотқа  дейін, соттан тыс, сот,  алдын ала  тергеу және анықтау жұмыстары жүргізілу барысында қолданылады.

      Таныстыру кезінде сотқа келушілер медиация жүргізудің тәртібі, медиатордың қызметіне ақы төлеу сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылды және оларға түпкілікті жауап қайтарылды.

        Ашық есік күні аяқталған кезде сотқа келушілер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған танымдық іс шарасын өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.

0
0
139

Сот жүйесінде қолданылатын технологиялар

               Сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот тарапынан 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап Төрелік ақпараттық жүйесі енгізіліп, төмендегі іс шаралар жүзеге асырылды. Олар: Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген интернет-ресурстары төрелік ақпараттық жүйесі, сот кабинеті сервисі, электронды шақыру қағаз, сот құжаттарымен танысу сервисі, SMS–хабарлама сервисі, талдау форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция. Сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе - Сот кабинеті - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез-келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды, шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және сот актісінің көшірмесін басып шығарып алуға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген. Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағаз бастылықтан босатуға септігін тигізеді. Тағы жаңашылдық бірі - талдау форумы электрондық сервисі. Форум, құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және тағы да басқа сот төрелігін атқару кезінде қажетті ақпараттардан тұрады. Талдау форумы сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді. Сот органдарымен Қазпошта АҚ ақпараттық жүйелерін біріктіру жүргізілді, сондай-ақ, Республиканың барлық жергілікті соттары мен облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі құрамына кіргізілді. Сот жүйесін аудио-бейне фиксацияның жетілдірілген жүйелерімен жабдықталды, сондай-ақ компьютерлер мен ұйымдастыру техникасымен жабдықтау бойынша жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында Сот кабинеті және Сот құжаттарымен танысу ақпараттық сервистері іске асырылуда. Сот құжаттарымен танысу сервисі сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сот құжаттарымен танысуға арналған. Сотқа талап арызбен жүгінген азамат оның тіркелгені туралы талон алады. Одан кейін электрондық хабарлауға келіскен жағдайда оның ұялы телефонына немесе электрондық поштасына оның арызы бойынша сот құжатының шыққаны және онымен сайт арқылы таныса алатындығы жөнінде логин мен құпия сөз көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, сот процесіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды жолдаудан бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады. Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS-хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисі де іске қосылған. Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді. Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу

          Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай

0
0
195

Қазақстан Республикасының «медиация туралы» заңына шолу

                Заңның жалпы ережелерінің мағынасы мынаған келіп саяды: 1)  медиация мақсаттары  дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу және тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету болып табылады (Заңның 3-б.) 2) медиацияны қолдану жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар себебінен туындайтын дауларды реттеуде рұқсат етіледі. 

            Медиация мына жағдайларда қолданылмайды: а) дау тараптарының бірі мемлекеттік орган болса; б) егер даулар медиация процедурасына қатыспайтын және сотпен қабілеті жоқ деп танылған үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса.

            Заңның 25-бабына сәйкес некенi жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерiн белгiлеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлi-зайыптылар арасындағы келiспеушiлiктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келiспеушiлiктер медиация арқылы шешiлуi мүмкiн.

            Медиацияны жүргiзген кезде медиатор баланың заңды құқықтарын ескеруге тиiс. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуiне және дамуына қауiп төндiретiн немесе төндiруi мүмкiн немесе оның заңды мүдделерiне елеулi залал келтiретiн фактiлер белгiлi болса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын органға жүгiнуге мiндеттi.

             Медиацияны жүзеге асыру барысында дауларды тараптар арасында реттеуге қол жеткізілген болса, онда тараптармен қол қойылатын жазбаша келісім жасалуы қажет. 

              Келiсiмде медиация тараптары, даудың (дау-шардың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптар келiскен келiсiмнiң шарттары, оларды орындау тәсiлдерi мен мерзiмдерi және оларды орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдары қамтылуға тиiс (27-бап).

             Медиация кезінде жасалынған дау-дамайды реттеу туралы келісім тараптармен қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді, келісімде көрсетілген тәртіпте және уақытында медиация тараптарымен орындалуы тиіс. Егер де келісім орындалмаған немесе лайықсыз орындалған болса, онда келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілікке тартылады. 

          Медиацияны жүргізу барысында қол жеткізілген және қол қойылған келісімнің құқықтық салдары мыналар: азаматтық істі сотта қарастырғанға дейін бекітілген дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттемелерінің орнатылуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған мәмілені көрсетеді;азаматтық процесс кезіндегі медиацияның тараптармен жүргізілуі кезінде қол жеткізілген дауды реттеу туралы келісім кешіктірілмей өндірісінде азаматтық ісі бар сотқа жіберіледі және ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған тәртіпте сотпен бекітіледі. Мұндай жағдайларда төленген мемлекеттік баж салығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде қарастырылған тәртіпте төлеушіге қайтарылуы тиіс.  

             «Медиация туралы» Заңның қабылдануына байланысты ҚР Азаматтық процессуалдық кодексі  де сәйкесінше өзгерістермен толықтырылған. 

              Медиация мына жағдайларда қолданылмайды: а) дау тараптарының бірі мемлекеттік орган болса; б) егер даулар медиация процедурасына қатыспайтын және сотпен қабілеті жоқ деп танылған үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса. сот қызметіне ұқсас. Тараптардың келісімді орындамау немесе лайықсыз орындауына байланысты жауапкершілік  сұрақтары да соған тең дәрежеде шешіледі.    

            Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Доспанов А.А. 

0
0
262

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді.

             2018 жылдың сәуір айының 24-ші және 25-ші  жұлдыздарында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

             Аталған шарада Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сот ғимаратына келушілерді жеке – жеке қабылдап, әр азаматқа көңіл бөліп, жеткілікті әрі түсінікті жауап берді.

            Сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды. Соныменқатар, шығарылған сот актілері мен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әріқарай шағым беру үшін қылмыстық ісжүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді.Тұрғындары тарапынан  «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы арыздарды беру мүмкіндігі туралы сұрағандар да болды. Кеңсе меңгерушісі арыздар мен үндеулерді «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы беру мүмкіндігі толықтай бар екенін және ыңғайлы екенін айтып, жауапқайтарылды.

            Бұл желі бойынша ҚР ның Сот жүйесінің жаңалықтарын қарауға, онлайн тәртібінде тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты табуға, ұялы жабдығына жазылған Сот кабинеті веб – желісі арқылы сот органдарына жолданылған құжаттарды қарауға, сот органдарына берілген сот құжатарының мәртебесін қарап отыруға, сот органдарына қол қойылмаған арыздар туралы ақпараттарды қарап отыруға, бұл қосымшасы бар тұлғалар текстілік хабарламалар жолдауға мүмкіндік береді- деді Алатау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева  

          Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды. Ашық есік күні некелген әр азаматтың сұрағына кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева толық түсіндірмелі түрде жауап берді.

          Сотта «Ашық есік» күні айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрақтарына толықтай жауап ала алады.

            Алматы қаласы Жетісу аудандық соты.

0
0
157

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "гендерлік саясатқа" қатысты семинар сабақ өткізілді.

         2018 жылдың сәуір айының 25-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Тұран» Университетінің студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының гендерлік саясатына арналған семинар өткізілді.

          Іс-шара барысында кеңсе меңгеруші м.а Г.С. Керимбекова өз сөзінде:- Қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның заманауи мемлекеттік саясаты жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктердің барлық түрлерін еңсеруге, ерлер мен әйелдердің еңбекте, қоғамдық және жеке өмірінде қабілеттерін толық іске асыруы үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған.

        Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы талдап, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік және еңбек мәртебесі, олардың отбасылық ролі сондай ақ маңызды мәселенің сипаттап берді.

       Іс-шараның барысында Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерге байланысты мәселенің бетін ашып, оларды Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктерді қаралған.

0
0
103

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Мемлекттік тіл мәртебесі" атты тренинг сабақ өткізілді.

            2018 жылдың сәуір айының 26-шы жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Тұран» Университетінің студенттерімен «Мемлекеттік тіл мәртебесі» атты  тақырыбында тренинг өткізілді.

         Тренинг мемлкеттік тілді дамыту және жақсырту, үш тіл концепцияны енгізу мемлекеттік саясаты жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

          Іс-шара талқылау ретінде өткізілген. Талқылау кезінде  кеңсе меңгерушісі м.а Г.С. Керимбекова үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетін ескертті.

         Тренинг барысында қатысушылар латин алфавитіне кезең-кезеңмен ауысу және мемлекеттік органдарының рөлі мен іс жүргізу жұмысына байланысты сұрақтарды жан-жақты талқыланды.

        Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
125