Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сотқа келушілердің қатысуымен Ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының ғимаратында Алматы қаласының ауданның сотқа келушілердің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 

       Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сот төрағасы сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

      Ашық есік күніне Жетісу ауданының тұрғындары қатысып, оларға азаматтық істі медиация тәртібімен қарау тәртібі бойынша түсініктеме берілді. Кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева сотқа келушілерге медиация - дауларды шешудің ең тиімді жолы екендігі және тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында, бейтарап тұлға медиатордың көмегімен, келіссөздер арқылы дауларды реттеу рәсімі екендігі туралы түсіндірді. Медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай –ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі. Медиацияның мақсаттары - дауларды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даулаушылық деңгейін төмендету. Медиацияның қағидалары болып еріктілік, медиация тарапынан тең құқылығы, медиатордың тәуелсідігі мен бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық жатады.  Медиация тараптардың  медиатордың  жәрдемдесуімен дауды сотқа  дейін, соттан тыс, сот,  алдын ала  тергеу және анықтау жұмыстары жүргізілу барысында қолданылады.

      Таныстыру кезінде сотқа келушілер медиация жүргізудің тәртібі, медиатордың қызметіне ақы төлеу сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылды және оларға түпкілікті жауап қайтарылды.

        Ашық есік күні аяқталған кезде сотқа келушілер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған танымдық іс шарасын өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.

0
0
122

Осы тақырып бойынша