Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "гендерлік саясатқа" қатысты семинар сабақ өткізілді.
2018 жылдың сәуір айының 25-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Тұран» Университетінің студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының гендерлік саясатына арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында кеңсе меңгеруші м.а Г.С. Керимбекова өз сөзінде:- Қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның заманауи мемлекеттік саясаты жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктердің барлық түрлерін еңсеруге, ерлер мен әйелдердің еңбекте, қоғамдық және жеке өмірінде қабілеттерін толық іске асыруы үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған.
Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы талдап, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік және еңбек мәртебесі, олардың отбасылық ролі сондай ақ маңызды мәселенің сипаттап берді.
Іс-шараның барысында Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерге байланысты мәселенің бетін ашып, оларды Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктерді қаралған.

