"мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ұстану" туралы тренинг өткізілді
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қатаң түрде ұстануға бағытталған тренинг өткізілді.
Іс-шараны аталған соттың бас маманы Г.С. Керимбекова жүргізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекетті кқызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілгенін, кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті екендігін атап өтті.
Тренинг барысында өзекті мәселелер мен негізгі талаптарды атап өтіп, сот қызметкерлеріне қажетті материалдарды өткізді.

