Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

"Оңайтылған іс жүргізу тәртібін электрондық форматқа көшіру"

           Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында 2018 жылдың сәуір айының 03-ші жұлдызында «оңайтылған іс жүргізу тәртібін электрондық форматқа көшіру атты» семинар өтті.

        Аталған іс-шара ауддандық соттың мамандары мен кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қатысқан болатын.

           2018 жылдың наурыз айының 12-ші жұлдызынан бастап оңайтылған іс-жүргізу тәртібі электрондық форматқа көшірілген болатын.  Соған байланысты кеңсе меңгеруші И.А. Кумысбаева аталған санат бойынша іс-жүргізу тәртібін электрондық форматта жүргізу тәртібін көрсеткен болатын, одан бөлек озық ақпараттық технологияларды кеңінен  енгізу, сот төрелігінің мобильділігі мен ашықтығын арттыратынын,  технологиялардың дами түсуі мен оларды сот төрелігін іске асыру жүйесіне енгізу электрондық сот төрелігі жүйесін жетілдіру саласындағы мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі екенін айтты.  Іс-шара барысында соттарда электрондық сот төрелігінің қызметіне қатысты мәселелер сөз болды.  Сондай-ақ,  судья сот ісін жүргізуді барынша оңайлата түскен,  сот төрелігін іске асырудың сапасын және тиімділігін  арттырған жаңашылдықтар туралы ерекше атап көрсетті.

  Іс-шара соңында аталған жаңашылдыққа байланысты пікір-талас туындаған болатын.

0
0
114

«Елбасының 5-әлеуметтік бастамасы»

           Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында 2018 жылдың сәуір айының 02-ші жұлдызында  «елбасының 5-әлеуметтік бастамасы» атты  семинар өтті.

        Аталған іс-шара ауддандық соттың мамандары мен кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қатысқан болатын.

       Кеңсе меңгеруші И.А. Кумысбаева өз сөзінде елбасының 5-әлеуметтік бастамасы арқылы халықты қолжетімді баспанамен қамту, салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын, бұл жоба бүгінгі күні адамдар алаңдатып отырған ең өзекті мәселелерге байланысты жасалып отыр.   Іс-шара барысында 5-әлеуметтік бастаманың әр-қайсысына жеке-жеке тоқталып сот мамандарына еліміздің тұрғындарына тигізер пайдасын баяндап берген болатын.

       Семинар соңында қатысушыар өзара пікір алмасты.

0
0
173

Теңдік саясаты

        Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында  «Теңдік саясаты»  тақырыбы бойынша семинарлық сабақ жүргізілді.

         Соттың жетекші маманы Ж. Еденбаева сот мамандарының қатысуымен Гендер саясатқа қатысты  семинарлық сабақ жүргізді.

       Аталған іс-шараға аудандық соттың мамандары қатысқан болатын

       Ж. Еденбаева әріптестеріне Гендерлiк саясат – бұл қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін айтып берді. Сонымен қатар ол «Қазақстан  Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасымен»  гендерлік саясаттың реттелетіндігін айтып өтті. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.  Гендерлік теңдік стратегиясы 2006 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейтін 9 бөлімнен тұрады.

      Іс-шара соңында қатысушылар ұсыныстарын  білдіріп, ал ақпараттар назарға алынды.

0
0
115

Жемқорлықты жеңу басты мақсат

Елімізде  шешімі табылмай отырған, қандай салада болмасын еліміздің дамуын тежелеп отырған проблема, бұл жемқорлық мәселесі, жемқорлыққа әлемнің барлық елдерінде байқалатын проблема, кейбір мемлекеттер жемқорлықты жеңу мәселесінде алдыға жылжыса,  кейбірі елдерде жемқорлықтың индексы өте жоғары, біздің еліміз жемқорлыққа қарсы күресте артта қалған мемлекеттердің арасында десем  қателеспеспін.  Жемқорлықты жеңу қоғамның қолдауынсыз мүмкін емес, ал қоғам бұл еліміздің барлық тұрғындары, азаматтары, яғни әр-біріміз пара беруден, алудан аулақ болу арқылы жемқорлықты жеңуге болады.

Жемқорлыққа қарсы бірнеше мемлекеттің өте үлкен жұмыс жасап, реформалар арқылы жетістіктерге жеткені белгілі .

Эстония: аталған мемлекет электронды қызмет көрсету жүйесін қолдану арқылы жемқорлықтың алдын алып отыр, яғни қағазбастылықтан құтылып, мемлекет көрсететін барлық қызметтың 80 пайызын электронды түріне ауыстыру арқылы  белгілі бір жетісітктерге жетіп отыр, яғни белгілі бір қызмет түрін алу жүзбе-жүз кездеспей-ақ, үйінде отырып, интернет арқылы қызмет түрін ала алады.

Сингапур 40-жылдың ішінде ең кедей мемлекеттердің арасынан әлемнің экономикалық державасы атағына коррупцияны жеңу арқылы қол   жеткізіп отыр, Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресудің ең маңызды шаралардың бірі шенеуніктерге жалақыны көтеру арқылы жасалып отыр, егерде мемлекеттік қызметкерлерге лайықты жұмыс ақы төленбесе, ондай жағдайда білікті, ақылды, мамандардың жеке секторларға ауысып кету қаупі туындайды деп Ли Куан Ю  пайымдаған.   Тұрақты және сенімді билік, ол елдің табысты басқаруының кілті болып табылады.   Шенеуніктердің жағдайының, еңбек ақысының көтеру арқылы, көп ұзамай  елдегі барлық  мықты, ақылды, мамандардың мемлекеттік қызметке кіруіне себеп болған.

           Қытай заңның үстемдігі:  Си Цзиньпин ел басшысы бола салып, елдегі шенеуліктерге өзінің 8-бөлімнен тұратын кодексын жаттатып және әр-қашанда бұзбай жүруін міндеттеген.

1. Салтанатты іс-шаралардан бас тарту (қымбатқа түсетін кездесулерден, шет елдік әншілерді шақырудан, той думаннан, бас тарту )

2. Кез келген коммерциялық іс-шарадан бас тарту, (белгілі мекеменің ашылуына қатысудан бас тарту)

3. Іс сапармен шет-елдерге шығудан бас тарту,

4.  Қарапайым азаматтарға түсінікті болу үшін құжаттарды түсінікті тілмен жазу,

5. Кортеждермен жүру арқылы көшелерді жабудан бас тарту,

6. Керек емес PR-тан бас тарту, телеарналарда мейлінше аз көріну,

7.    Басылымдардан бас тарту, автобиографиялар, нұсқаулық кітаптарды шығарудан бас тарту,

8. Қымбат көліктерден, пәтерлерден бас тарту.

Осындай 8-бөлімнен тұратын кодекс арқылы Қытай қазынасы жылына 160 млрд АҚШ долларын үнемдейді екен. 

            Парамен ұсталған шенеуніктер үшін ең жоғары жаза түрі - ату  жазасы белгіленген, соңғы 16 жылда, Қытай елінде 10 000 адам ату жазасына кесілген.

            Жоғары айтылған елдердің тәжірибесін қолдана отырып жемқорлықты жеңуге болады.

            Еліміз ең дамыған 30-елдің қатарына кіргісі келсе жемқорлықтың алдын алу керектігі айтпаса да түсінікті.

            Белгілі саясаткер Маргарет Тэтчер айтпақшы, Әлемдегі ең ауқымды, беделі жоғары елдердің қатарына кіргілерің келсе, онда ішкі проблемаларыңды жойыңдар деген.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай

0
0
208

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдануын дамытуға бағытталған тренинг болып өтті

 2018 жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызында Алматы қаласы |Жетісу аудандық сотында мамандардың қатысуымен мемлекеттік тілдің дамуын талқылау бойынша тренинг өтті.

Тренинг барысында соттың  кеңсе меңгерушісі мемлекеттік қызметте қазақ тілінде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі және де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Сондықтан, сот ісін жүргізу, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін, мемлекеттік тілдін білу деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті.

Іс-шараға қатысушы бас маман Л.Т. Какенова өз-сөзінде «Мемлекеттік тілді дамыту – Қазақстанның әрбір азаматының борышы» атты тақырыпта баяндама оқыды.  Өз баяндамасында кеңсе меңгерушісі, қазіргі замауи жағдайда мемлекеттің болашағы тікелей ұлттық құндылықтар жүйесін қолдау мен қорғаудағы  мемлекеттің қабілетіне байланысты екенін айтты.Мемлекеттің ұлттық  қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі мемлекеттік тіл болып табылады.

«Мемлекеттік тіл – мемлекет аумағындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әрекет ететін, іс жүргізу және сот ісін жүргізу, заң шығару, мемлекеттік басқару тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады, және мемлекет пен қоғамның онсыз өмір сүруі мүмкін емес»,- деді

Трениг соңында қатысушылар мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
132

Сыбайлас жеқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында, сот төрағасы К.А. Ермековтың және аудандық судьялардың қатысуымен семинар өткен болатын.

Алғы сөзбен сот төрағасы К.А. Ермеков отырысты бастап, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, көпшіліктің соттарға және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілерін шеттету үшін ескерту, алдын алу жұмыстарын белсенді түрде өткізу қажеттілігін атап өтті.

Іс-шара барысында төраға Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, партиялық бағдарламада бекітілген сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіптілігін, мұндағы мәселелермен күресудің барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Жиында сот төрағасы «сот төрелігінің мүлтіксіз жүйесі мемелекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты элементі – құқықтың үстемдік етуімен маңызды» болатынын айтты.

Іс-шараны қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұсынымдары қабылданды.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
121

Оңайтылған және бұйрық арқылы іс-жүргізу тәртібін түсіндіру мақсатында Ашық есік күні өткізілді

2018 жылдың наурыз айының 17-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында ашық есік күні өткізілді. 

Аталған іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаеваның және қала тұрғындары қатысқан болатын

Қабылдауда болған азаматтар құқықтық сипаттағы өзекті мәселелермен жүгінді, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 142-бабына, сот бұйрығының күшін жоюға қатысты мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында, әр қойылған сұраққа кеңсе меңгерушісі қолданыстағы заңнамаға түсініктеме бере отырып, толық жауап берді.  Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жоятыны туралы айтылды. 

Кездесу барысында И.А. Кумысбаева  Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Ж. Асанов мырзаның жасап жатқан жұмыстарын атап өтіп, Оңайтылған іс-жүргізу тәртібі, бұйрық арқылы іс-жүргізу тәртібі толық көлемде электронды түрде жүргізілетіні туралы айтып өтті.

Аталған шара  сотқа заң көмегін алуға келген азаматтарға құқықтық көмек беру, құқықтық мәдениетті жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімді арттыру және сот төрелігінің қол жетімділігін және жариялылығын таныттыру мақсатында өткізілді.

   Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
205

Мұраны қабылдау ерекшеліктері.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1042 бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұраның ашылу уақытына қарай мұрагерлік істерді қарау кезінде соттар мұраның ашылу сәтінде қолданылып жүрген заңнаманы қолдануы тиіс. 

Мысалыға, 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылған Казақ КСР Азаматтық кодексінің 542 бабына сәйкес, мұраны алу үшін мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап алты айдың ішінде мұра ашылған орын бойынша нотариаттық кеңсеге арыз беру арқылы мұраны қабылдауға немесе мұрагерлік мүлікті нақты басқаруға міндетті.

1999 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім 1072-2 бап) сәйкес, мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап, егер мұрадан бас тартпаса, мұра алу құқығынан айырылмаса және оны мұрагер деп тағайындау туралы өсиеттік өкімді тану салдарынан мұра алу құқығын жоғалтса, өзіне тиесілі мұраға немесе оның бөлігіне құқықты иеленеді.

2007 жылдың 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен Азаматтық кодекстің мұрагерлік мәселелер бөлігіне өзгерістер енгізіліп, мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін екендігі бекітілген.

Айтылғандар негізінде, мұраның ашылу уақытына қарай, сол кезде қолданыста болған заңның талаптары ғана қолданылуға тиіс.

Егер мұрагер мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгіну арқылы мерзімді қалпына келтіруге болады.

Заң талаптарына сәйкес, мерзімді қалпына келтіруге мынадай шарттар қажет:

-мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алу;

-мұрагердің мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде талап арызбен сотқа жүгінуі.

Егер де мұрагер сот алдында мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын анықтайтын тиісті дәлелдер ұсынса, сот мерзімді қалпына келтіре алады және мұраны қабылдады деп тани алады.

Практика жүзінде мұрагерлер өздерінің құқтарын білмеуі салдарынан заңмен белгіленген алты ай мерзімді өткізіп алатыны кездеседі.

Азаматтық кодекстің 1072-1 бабына сәйкес мұраны қабылдаудың екі тәсілі бар. Біріншісі - мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Екіншісі - егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе; мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе және өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

Алматы қаласы Жетісу 

аудандық сотының судьясы С. Қанатбаев 

0
0
1397

Сот жүйесінде қолданылатын озық технологиялар

            Ұлт көсбасшысы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының «100 нақты қадам ұлт жоспары» және «болашаққа бағдар рухани жаңғыру» жүйесіне көңіл бөлетін болсақ, яғни жоғары айтылған жобалардың басты мақсаты еліміздің барлық салаларын дамыту арқылы әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу, әрине бұл салалардың  ішіне сот жүйесі кіретіні айтпаса да белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғалы барлық салалары қарқын даму үстінде, сол салалардың ішіне сот жүйесіде кіреді. Сот жүйесінің алдыға даму жолы, бағыты, мақсаты «100 қадам Ұлт Жоспары реформасының «заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бөлімінде нақты баяндалып көрсетілген.

           Заманның талабына сай еліміздің мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, озық технологиялар жаппай енгізілуде. Еліміз электрондық үкімет, яғни мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрінен Азия бойынша 2017 жылы алтыншы орынға көтеріліпті.

           Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан отыз екінші  орынға көтерілген, аталған рейтинг Үкіметтің тиімділігі, Технологиялық инфрақұрылым, Сандық бәсекеге қабілеттілік сияқты жүйелерді зерттей отырып жасалады.

           Қазіргі таңда сот жүйесі жылдан жылға даму үстінде, жылдын жылға жаңа технологиялар енгізіліп, бюрократиядан, қағаз бастылықтан құтылудың амалын табу жолында үлкен көлемде жұмыстар атқарылуда.

             Мысалы: 1. Барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған болатын, яғни барлық сот процесстері бейне бақылауға жазылып отырады, Бұл жобаның негізгі басымдығы сот отырысына қатысушы барлық тараптарды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады.

           2. «Сот кабинеті» жүйесі бұл жобаның қолайлығы, тиімділігі үйіңізден шықпай ақ талап арыз, апелляциялық шағымдарды, түрлі арыздарды беруге мүмкіндік аласыз, уақытыңызды үнемдеуге арналған таптырмас жүйе.

        3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтынан «Сот актілерінің банкы » жүйесі арқылы 2010-2017 жылдары соттар шығарған заңды күшіне енген сот актілерін ала аласыз.

        «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты жобасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы туралы елбасымыздың жолдауынан елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол «IT» са­ласына басымдық беріледі.

         Елімізде 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80 пайыз­ға дейін арт­тыру, тұрғындардың 95 пайы­зын цифр­лы xабар таратумен қамту, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.

        Жоғарыда айтылғандай еліміздегі салалардың барлығы цифрландыруға көшетінін аңғаруға болады, бұл дегеніміз адамдардың уақытын үнемдеу, қағазбастылықтан және жемқорлықтан құтылудың ең тиімді жолдары деп білемін, себебі көптеген Еуропа елдері жоғары технологияларды қолдану арқылы жемқорлықты өз елдерінен, қоғамынан мүлдем жойып тастаған болатын, сол себепті Еуропа елдерінің әлеуметтік жағдайы өте жоғары деп есептеледі.

          Еліміз енді енді жоғары технологияларды енгізуде, егерде «100 нақты қадам ұлт жоспары» және «болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты жобалар жүз пайыз жүзеге асып жатса, еліміз әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылатынына кәміл сенемін.

         Алмат қаласы Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева

   }qRZA|9

0
0
172

Банк мамандары және аудандық сот қызметкерлерінің қатысуымен "семинар" өткізілді

             Алматы қаласы Жетісу ауданды қсотында 2018 жылдың ақпан айының 20-шы жұлдызында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары және сот қызметкерлерінің қатысуымен  семинар-презентация өткізілді.

            Аталған іс-шарада Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары қазіргі таңда тұрғын үге қол жеткізудің жеңіл жолдарын, аталған банкте депозит, ашудың жолдарын түсіндірген болатын.

            Семинарда аудандық сот қызметкерлерімен банк мамандары арасында сұрақ жауап алмасып, көптеген мәселелердің түйіні шешілген болатын. Семинар соңында іс-шараға қатысушылар бір-біріне алғыс білдірген болатын.

           Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
103