"Тұран" Университетінің студенттеріне семинар сабақ өткізілді.
Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында "Тұран" Университетінің заң факультетінің студенттеріне семинар сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында аталған соттың кеңсе меңгерушісі студенттерге Алматы қаласы жетісу аудандық сотының тарихын, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілі істердің ерекшеліктерін, сот жүйесі жайлы, судьялыққа үміткерлерді таңдау принциптері, соттарда қолданатын ақпараттық технологиялар және т.б. айтып кетті. Таныстыру барысында студенттер көптеген сұрақтар қойды,атап айқанда қылмыстық істерді қарау тәртібі жайлы.
Сонымен қатар студенттер сот мәжілісі залдарында болып, ашық сот отырысына қатысты.
Іс-шара шеңберінде болашақ заңгерлер келешекте сот ісін жүргізілуіне қатысуға қызығушылық білдіріп, практика өтуге талпыныстарын білдірді.

