Ашық есік күні өткізілді
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенім білдіру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімділікті көтеру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Азаматтарды кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қабылдады. «Ашық есік күні» құқықтық мәдениетті көтеруде маңызды рөлді атқарады, әділет қызметшілерінің аса күрделі құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Азаматтар кеңсе меңгерушісіне құқықтық сипаттағы проблемалық мәселелермен қабылдауына жүгінді. Келушілерге құқық қолдану практикасы бойынша жан-жақты жауаптар берілді. Азаматтарға талап арыздардың, апелляциялық шағымның үлгілері көрсетілді. Іс-шара соңында Алматы қаласы тұрғындары алғыстарын білдірген болатын
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты
