Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Мемлекттік тіл мәртебесі" атты тренинг сабақ өткізілді.

2018 жылдың сәуір айының 26-шы жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Тұран» Университетінің студенттерімен «Мемлекеттік тіл мәртебесі» атты тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг мемлкеттік тілді дамыту және жақсырту, үш тіл концепцияны енгізу мемлекеттік саясаты жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Іс-шара талқылау ретінде өткізілген. Талқылау кезінде кеңсе меңгерушісі м.а Г.С. Керимбекова үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетін ескертті.

Тренинг барысында қатысушылар латин алфавитіне кезең-кезеңмен ауысу және мемлекеттік органдарының рөлі мен іс жүргізу жұмысына байланысты сұрақтарды жан-жақты талқыланды.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
107

Осы тақырып бойынша