Қазақстан Республикасының «медиация туралы» заңына шолу
Заңның жалпы ережелерінің мағынасы мынаған келіп саяды: 1) медиация мақсаттары дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу және тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету болып табылады (Заңның 3-б.) 2) медиацияны қолдану жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар себебінен туындайтын дауларды реттеуде рұқсат етіледі.
Медиация мына жағдайларда қолданылмайды: а) дау тараптарының бірі мемлекеттік орган болса; б) егер даулар медиация процедурасына қатыспайтын және сотпен қабілеті жоқ деп танылған үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса.
Заңның 25-бабына сәйкес некенi жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерiн белгiлеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлi-зайыптылар арасындағы келiспеушiлiктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келiспеушiлiктер медиация арқылы шешiлуi мүмкiн.
Медиацияны жүргiзген кезде медиатор баланың заңды құқықтарын ескеруге тиiс. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуiне және дамуына қауiп төндiретiн немесе төндiруi мүмкiн немесе оның заңды мүдделерiне елеулi залал келтiретiн фактiлер белгiлi болса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын органға жүгiнуге мiндеттi.
Медиацияны жүзеге асыру барысында дауларды тараптар арасында реттеуге қол жеткізілген болса, онда тараптармен қол қойылатын жазбаша келісім жасалуы қажет.
Келiсiмде медиация тараптары, даудың (дау-шардың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптар келiскен келiсiмнiң шарттары, оларды орындау тәсiлдерi мен мерзiмдерi және оларды орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдары қамтылуға тиiс (27-бап).
Медиация кезінде жасалынған дау-дамайды реттеу туралы келісім тараптармен қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді, келісімде көрсетілген тәртіпте және уақытында медиация тараптарымен орындалуы тиіс. Егер де келісім орындалмаған немесе лайықсыз орындалған болса, онда келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Медиацияны жүргізу барысында қол жеткізілген және қол қойылған келісімнің құқықтық салдары мыналар: азаматтық істі сотта қарастырғанға дейін бекітілген дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттемелерінің орнатылуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған мәмілені көрсетеді;азаматтық процесс кезіндегі медиацияның тараптармен жүргізілуі кезінде қол жеткізілген дауды реттеу туралы келісім кешіктірілмей өндірісінде азаматтық ісі бар сотқа жіберіледі және ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған тәртіпте сотпен бекітіледі. Мұндай жағдайларда төленген мемлекеттік баж салығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде қарастырылған тәртіпте төлеушіге қайтарылуы тиіс.
«Медиация туралы» Заңның қабылдануына байланысты ҚР Азаматтық процессуалдық кодексі де сәйкесінше өзгерістермен толықтырылған.
Медиация мына жағдайларда қолданылмайды: а) дау тараптарының бірі мемлекеттік орган болса; б) егер даулар медиация процедурасына қатыспайтын және сотпен қабілеті жоқ деп танылған үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса. сот қызметіне ұқсас. Тараптардың келісімді орындамау немесе лайықсыз орындауына байланысты жауапкершілік сұрақтары да соған тең дәрежеде шешіледі.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Доспанов А.А.
