Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

«Медиация институтын насихаттау" атты тренинг өткен болатын

           Алматы қаласы Жетісу аудандық   сотында    "Тұран"  колледжінің  студенттерінің   және  аудандық  соттың судьясы  Н.Ж.  Кудиярбековтың  қатысуымен   «Медиация институтын насихаттау" атты тренинг өткен  болатын.

           Студенттерге,  медиация дауларды шешудің ең тиімді жолы екендігі түсіндірілді және тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатынды, бейтарап тұлға медиатордың көмегімен, келіссөздер арқылы дауларды реттеу рәсімі. Медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай –ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі. Медиацияның мақсаттары - дауларды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даулаушылық деңгейін төмендету.   Медиация тараптардың  медиатордың  жәрдемдесуімен дауды сотқа  дейін, соттан тыс, сот,  алдын ала  тергеу және анықтау жұмыстары жүргізілу барысында қолданылады.

            Медиация жүргізудің тәртібі, медиатордың қызметіне ақы төлеу сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылды және оларға түпкілікті жауап қайтарылды.

               Студенттер,   көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған танымдық іс шарасын өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.

0
0
139

"Дауларды сотқа дейін шешу жолдарын дамыту" атты тренинг сабақ өткен болатын

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Ж.К.Асановтың тапсырмасын орындау мақсатында, Алматы қаласы Жетісу  аудандық сотында дауларды сотқа дейін шешу жолдарын дамыту туралы  тренинг өтті.

Іс-шараға кәсіби медиатор Б. Абдураимов пен "Тұран" колледжінің студенттері қатысқан болатын.  

 Б. Абдураимов  өз сөзінде, медиация дауларды шешудің ең жұмсақ нысаны болып табылады, онда жанжалға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесіне, біліміне және кәсіптілігіне сүйене отырып, өзара пайдалы шешімге дербес қол жеткізеді. Сол себепті де медиатордың тараптармен деген әрбір қарым қатынасыңыз сыпайылықа, заңға сүйене отырып шындыққа, екі тарапқа да тиімді дербес шешім болуға тиісті және солай шешіліп жатқанына сеніміміз мол. Және де медиация – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың келіспеушіліктерін шешуге қолданылады - деп атап өтті 

      Іс-шараның соңында, іс-шараға қатысушылар өз пікірлерін білдірген болатын.

    Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
110

" Жекелеген сот сараптамаларын бір ортаға жинақтау" атты семинар сабағы өтті

              Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында 2019 жылдың сәуір айының 23-ші жұлдызында  " Жекелеген сот сараптамаларын  бір ортаға жинақтау" атты тақырыпта семинар өткен болатын.

           Алматы қаласы Жетісу  аудандық сотында жеке сот-сараптамашы Алия Сыздыкбекова  " Жекелеген сот сараптамаларын  бір ортаға жинау" атты  семинар-дәрісін  өткізді.

          Аталған семинарға судьялар мен сот қызметкерлері қатысқан болатын.

            Семинар сабағында жеке  сот-сараптамашы А.Сыздыкбекова  зертхана қызметі туралы айтып берді, сонымен қатар келесі басты сәттерді түсіндірді: тағайындау, жасау және сараптаманы өткізу уақыты; молекулярлық – генетикалық сараптаманы жеке сот-сараптамашымен өткізудің пайдасы, ер және әйел желісі арқылы туыстықты орнату, сондай-ақ молекулярлық – генетикалық зерттеу объектілері, зерттеуге алу және сақтау шарттары.

          Сарапшы молекулярлық-генетикалық зерттеулердің  мүмкіндіктерін атап өткен болатын

        Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
104

Жемқорлықты жеңу басты мақсат

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.

 Жемқорлық әлемнің барлық елдерінде байқалатын проблема, кейбір мемлекеттер жемқорлықты жеңу мәселесінде алдыға жылжыса,  кейбірі елдерде жемқорлықтың индексы өте жоғары, біздің еліміз жемқорлыққа қарсы күресте артта қалған мемлекеттердің арасында десем  қателеспеспін.  Жемқорлықты жеңу қоғамның қолдауынсыз мүмкін емес, ал қоғам бұл еліміздің барлық тұрғындары, азаматтары, яғни әр-біріміз пара беруден және алудан аулақ болу арқылы жемқорлықты жеңуге болады. 

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де көп.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз Кеңес Одағы кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптері  анықталып, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.

Бүгінгі таңда  сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар  сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. 

Жемқорлықпен күресу барысында, осы жолдағы алдыға жылжыған мемлекеттердің тәжірибесін қолдануға  болады, мысалы; 

 Эстония: аталған мемлекет электронды қызмет көрсету жүйесін қолдану арқылы жемқорлықтың алдын алып отыр, яғни қағазбастылықтан құтылып, мемлекет көрсететін барлық қызметтың 80 пайызын электронды түріне ауыстыру арқылы   жетісітктерге жетіп отыр, яғни белгілі бір қызмет түрін алу жүзбе-жүз кездеспей, интернет арқылы қызмет түрін ала алады. 

 Сингапур: 40-жылдың ішінде ең кедей мемлекеттердің арасынан әлемнің экономикалық державасы атағына коррупцияны жеңу арқылы қол   жеткізіп отыр, Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресудің ең маңызды шаралардың бірі шенеуніктерге жалақыны көтеру арқылы жасалып отыр, егерде мемлекеттік қызметкерлерге лайықты жұмыс ақы төленбесе, ондай жағдайда білікті, ақылды, мамандардың жеке секторларға ауысып кету қаупі туындайды деп Ли Куан Ю  пайымдаған.   Тұрақты және сенімді билік, ол елдің табысты басқаруының кілті болып табылады.   Шенеуніктердің жағдайының, еңбек ақысының көтеру арқылы, көп ұзамай  елдегі барлық  мықты, ақылды, мамандардың мемлекеттік қызметке кіруіне себеп болған. 

Қытай:  Си Цзиньпин ел басшысы бола салып, елдегі шенеуліктерге өзінің 8-бөлімнен тұратын кодексын жаттатып және әр-қашанда бұзбай жүруін міндеттеген, 8-бөлімнен тұратын кодекс арқылы Қытай қазынасы жылына 160 млрд АҚШ долларын үнемдейді екен. Парамен ұсталған шенеуніктер үшін ең жоғары жаза түрі - ату  жазасы белгіленген, соңғы 16 жылда, Қытай елінде 10 000 адам ату жазасына кесілген.

            Жоғары айтылған елдердің тәжірибесін қолдана отырып жемқорлықты жеңуге болады деп өз басым есептеймін.

            Еліміз ең дамыған 30-елдің қатарына кіргісі келсе,  жемқорлықтың алдын алу керектігі айтпаса да түсінікті.

            Белгілі саясаткер Маргарет Тэтчер айтпақшы, Әлемдегі ең ауқымды, беделі жоғары елдердің қатарына кіргілерің келсе, онда бірінші орынға ішкі проблемаларыңды жойыңдар деген.

         Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы                                Ж.Б. Жолдыбай

0
0
1134

"Гендерлік теңдік" атты тренинг өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында сот мамадары мен кеңсе меңгерушісі арасында «Гендерлік теңдік саясаты» тақырыбына арналған тренинг сабағы өткен болатын.

 Гендерлік теңдікті жақтап кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева өз баяндамасымен сөз сөйледі. Баяндамада қазіргі таңдағы әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған халықаралық конвенцияларға айрықша көңіл бөлінді. Одан бөлек,  «1966 жылы 16 желтоқсандағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық халықаралық пакт (2005 жылы 21 қарашада Қазақстан Республикасымен ратификацияланған) бойынша әйелдерге ерлерден кем емес еңбек жағдайлары кепілдендіре отырып, еңбегіне сай ақы төленуі тиіс деп көрсетеді. Ана мен баланың балалық шағы заңның қорғауында болуы тиіс. Біздің мемлекетіміздің заңнамасы әйелдердің жұмысын физикалық емес немесе санитарлық және тұрмыстық қызмет көрсету жұмыстарынан басқа ауыр және зиян еңбек жағдайлары бар еңбектерге қолдануға рұқсат бермейді ».

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде әйелдердің құқықтары саласында 60 астам халықаралық-құқықтық актілерге қосылып отыр, оған адам құқығының Бүкілхалықтық Декларациясы, бала құқығы туралы Конвенциясы, әйелдердің саяси құқытары туралы Конвенциясы, әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы атап өтуге болады.

Әйелдер мен ерлер барлық қызмет саласында тең құқықтарға ие. Бұл тұжырымға әйелдердің саны ерлермен теңдей болатын сот жүйесінің мысалында көз жеткізуге болады. Сот жүйесінің мамандары арасында әйелдер саны ерлерге қарағанда басым болып тұрғандығын.

Тренинг барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, көзқарастарымен бөлісіп отырды.

Сөз соңын қорытындылай келе, гендерлік саясат саласында жүргізіліп отырған осындай іс-шаралар демократиялық және құқықтық мемлекетті қалыптастыруға септігін тигізетіні туралы айтылып өткен болатын.

0
0
117

"Қол жетімді баспана"атты семинар сабағы өткізілген болатын

 Алматы қаласы Жетісу ауданды қсотында 2019 жылдың наурыз айының 27-шы жұлдызында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары және сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар-презентация өткізілді.

Аталған іс-шарада Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары қазіргі таңда тұрғын үге қол жеткізудің жеңіл жолдарын, аталған банкте депозит, ашудың жолдарын түсіндірген болатын.

Семинарда аудандық сот қызметкерлерімен банк мамандары арасында сұрақ жауап алмасып, көптеген мәселелердің түйіні шешілген болатын. Семинар соңында іс-шараға қатысушылар бір-біріне алғыс білдірген болатын.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

          Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

        Аталған шарада Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сотқа келушілерді жеке – жеке қабылдап, әр азаамат пен азаматшаның сұрақтарына назар қойып тыңдап, жеткілікті әрі түсінікті жауап берді.

      Сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Тұрғындары тарапынан  «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы арыздарды беру мүмкіндігі туралы сұрағандар да болды. Кеңсе меңгерушісі арыздар мен үндеулерді «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы беру мүмкіндігі толықтай бар екенін және ыңғайлы екенін айтып, жауап қайтарылды.

       Бұл желі бойынша ҚР ның Сот жүйесінің жаңалықтарын қарауға, онлайн тәртібінде тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты табуға, ұялы жабдығына жазылған Сот кабинеті веб – желісі арқылы сот органдарына жолданылған құжаттарды қарауға, сот органдарына берілген сот құжатарының мәртебесін қарап отыруға, сот органдарына қол қойылмаған арыздар туралы ақпараттарды қарап отыруға, бұл қосымшасы бар тұлғалар текстілік хабарламалар жолдауға мүмкіндік береді- деді Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева.      

       Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды. Ашық есік күніне келген әр азаматтың сұрағына кеңсе меңгерушісі  толық түсіндірмелі түрде жауап берді.

      Сотта «Ашық есік» күні айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрақтарына толықтай жауап алуына мүмкіндіктер қаралған.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында құқықық көмек көрсету мақсатында "ашық есік күні" өткізілді

          Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтары бойынша ашық есік өтті.

       Ашық есік барысында Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қатысушылармен түсіндіру сұхбатын өткізді. Азаматтардан, азаматтық істің қаралу мерзімі, тәртібі туралы және жеке басына қатысты сұрақтар сұрақтар түсті. Азаматтардың қойылған барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

       Сотта осындай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсаты, құқық мәдениетін көтеру, тұрғындардың сот системасына сенімін көтеру және де сот әділдігіне қол жетімділігі болып табылады. 

         Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
414

"Ашық есік күні өткізілді"

          Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

Аталған шарада Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева,  сот ғимаратына келушілерді жеке – жеке қабылдап, әр азаамат пен азаматшаның сұрақтарына назар қойып тыңдап, жеткілікті әрі түсінікті жауап берді.

        Сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Тұрғындары тарапынан  «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы арыздарды беру мүмкіндігі туралы сұрағандар да болды. Кеңсе меңгерушісі арыздар мен үндеулерді «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы беру мүмкіндігі толықтай бар екенін және ыңғайлы екенін айтып, жауап қайтарылды.

        Бұл желі бойынша ҚР ның Сот жүйесінің жаңалықтарын қарауға, онлайн тәртібінде тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты табуға, ұялы жабдығына жазылған Сот кабинеті веб – желісі арқылы сот органдарына жолданылған құжаттарды қарауға, сот органдарына берілген сот құжатарының мәртебесін қарап отыруға, сот органдарына қол қойылмаған арыздар туралы ақпараттарды қарап отыруға, бұл қосымшасы бар тұлғалар текстілік хабарламалар жолдауға мүмкіндік береді- деді Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева   

     Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды. Ашық есік күніне келген әр азаматтың сұрағына кеңсе меңгерушісі  толық түсіндірмелі түрде жауап берді.

      Сотта «Ашық есік» күні айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрақтарына толықтай жауап ала алады.

     Алматы қадасы Жетісу аудандық соты 

0
0
123

Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында семинар сабақ

             2019 жылдың қаңтар айының 28-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында семинар сабақ өткен болатын.

            Аталған іс-шараны Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының қызметкері А.А. Баймухамбетованың жүргізуімен мен Алматы қаласында Жоғарғы оқу орындарында заңгер мамандығына білім алып жүрген студенттердің қатысуымен өткізілді.

            Жетісу аудандық сотының маманы А.А. Баймухамбетова семинарға қатысушыларын ақпараттық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырды және «Сот кабинеті» «Төрелік» «Аудио-Бейне тіркеу» ақпараттық сервистерінің  ерекшеліктерін көрсеткен болатын.

           Бүгінде тараптарға өзінің өкіліне өкілдік беруге сенімхат ресімдеу үшін

нотариусқа барудың қажеті жоқ, бар болғаны интернетке қолжетімділік пен электрондық- цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болуы керек. «Бүгін біз осы сервисті «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы арқылы iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында пайдалана аламыз», - деп түсіндіріп айтып кеткен болатын.

           Іс шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты

         Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
112