Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Медиация институтын насихаттау" атты тренинг өткен болатын

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Тұран" колледжінің студенттерінің және аудандық соттың судьясы Н.Ж. Кудиярбековтың қатысуымен «Медиация институтын насихаттау" атты тренинг өткен болатын.

Студенттерге, медиация дауларды шешудің ең тиімді жолы екендігі түсіндірілді және тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатынды, бейтарап тұлға медиатордың көмегімен, келіссөздер арқылы дауларды реттеу рәсімі. Медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай –ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі. Медиацияның мақсаттары - дауларды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даулаушылық деңгейін төмендету. Медиация тараптардың  медиатордың  жәрдемдесуімен дауды сотқа  дейін, соттан тыс, сот,  алдын ала  тергеу және анықтау жұмыстары жүргізілу барысында қолданылады.

Медиация жүргізудің тәртібі, медиатордың қызметіне ақы төлеу сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылды және оларға түпкілікті жауап қайтарылды.

Студенттер, көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған танымдық іс шарасын өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.

0
0
113

Осы тақырып бойынша