Жемқорлықты жеңу басты мақсат
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.
Жемқорлық әлемнің барлық елдерінде байқалатын проблема, кейбір мемлекеттер жемқорлықты жеңу мәселесінде алдыға жылжыса, кейбірі елдерде жемқорлықтың индексы өте жоғары, біздің еліміз жемқорлыққа қарсы күресте артта қалған мемлекеттердің арасында десем қателеспеспін. Жемқорлықты жеңу қоғамның қолдауынсыз мүмкін емес, ал қоғам бұл еліміздің барлық тұрғындары, азаматтары, яғни әр-біріміз пара беруден және алудан аулақ болу арқылы жемқорлықты жеңуге болады.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де көп.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз Кеңес Одағы кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптері анықталып, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Жемқорлықпен күресу барысында, осы жолдағы алдыға жылжыған мемлекеттердің тәжірибесін қолдануға болады, мысалы;
Эстония: аталған мемлекет электронды қызмет көрсету жүйесін қолдану арқылы жемқорлықтың алдын алып отыр, яғни қағазбастылықтан құтылып, мемлекет көрсететін барлық қызметтың 80 пайызын электронды түріне ауыстыру арқылы жетісітктерге жетіп отыр, яғни белгілі бір қызмет түрін алу жүзбе-жүз кездеспей, интернет арқылы қызмет түрін ала алады.
Сингапур: 40-жылдың ішінде ең кедей мемлекеттердің арасынан әлемнің экономикалық державасы атағына коррупцияны жеңу арқылы қол жеткізіп отыр, Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресудің ең маңызды шаралардың бірі шенеуніктерге жалақыны көтеру арқылы жасалып отыр, егерде мемлекеттік қызметкерлерге лайықты жұмыс ақы төленбесе, ондай жағдайда білікті, ақылды, мамандардың жеке секторларға ауысып кету қаупі туындайды деп Ли Куан Ю пайымдаған. Тұрақты және сенімді билік, ол елдің табысты басқаруының кілті болып табылады. Шенеуніктердің жағдайының, еңбек ақысының көтеру арқылы, көп ұзамай елдегі барлық мықты, ақылды, мамандардың мемлекеттік қызметке кіруіне себеп болған.
Қытай: Си Цзиньпин ел басшысы бола салып, елдегі шенеуліктерге өзінің 8-бөлімнен тұратын кодексын жаттатып және әр-қашанда бұзбай жүруін міндеттеген, 8-бөлімнен тұратын кодекс арқылы Қытай қазынасы жылына 160 млрд АҚШ долларын үнемдейді екен. Парамен ұсталған шенеуніктер үшін ең жоғары жаза түрі - ату жазасы белгіленген, соңғы 16 жылда, Қытай елінде 10 000 адам ату жазасына кесілген.
Жоғары айтылған елдердің тәжірибесін қолдана отырып жемқорлықты жеңуге болады деп өз басым есептеймін.
Еліміз ең дамыған 30-елдің қатарына кіргісі келсе, жемқорлықтың алдын алу керектігі айтпаса да түсінікті.
Белгілі саясаткер Маргарет Тэтчер айтпақшы, Әлемдегі ең ауқымды, беделі жоғары елдердің қатарына кіргілерің келсе, онда бірінші орынға ішкі проблемаларыңды жойыңдар деген.
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай
