Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

" Жекелеген сот сараптамаларын бір ортаға жинақтау" атты семинар сабағы өтті

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында 2019 жылдың сәуір айының 23-ші жұлдызында " Жекелеген сот сараптамаларын бір ортаға жинақтау" атты тақырыпта семинар өткен болатын.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында жеке сот-сараптамашы Алия Сыздыкбекова " Жекелеген сот сараптамаларын бір ортаға жинау" атты семинар-дәрісін  өткізді.

Аталған семинарға судьялар мен сот қызметкерлері қатысқан болатын.

Семинар сабағында жеке  сот-сараптамашы А.Сыздыкбекова  зертхана қызметі туралы айтып берді, сонымен қатар келесі басты сәттерді түсіндірді: тағайындау, жасау және сараптаманы өткізу уақыты; молекулярлық – генетикалық сараптаманы жеке сот-сараптамашымен өткізудің пайдасы, ер және әйел желісі арқылы туыстықты орнату, сондай-ақ молекулярлық – генетикалық зерттеу объектілері, зерттеуге алу және сақтау шарттары.

Сарапшы молекулярлық-генетикалық зерттеулердің мүмкіндіктерін атап өткен болатын

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша