Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

«Сот кабинеті»

Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі м.а. А. Копжурсиновтың бастамасымен «Сот кабинеті» тақырыбы бойынша қашықтан ұялы байланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс-шараға Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшелері, заңгерлермен, банк өкілдері, бірнеше заңды тұлға өкілдерімен Жетісу ауданының тұрғындары және сот мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында сот кабинеті өзара іс-қимыл пайдалана отырып электрондық кілт арқылы электрондық сот өндірісін жеңілдету туралы айтылды. заңгер Ажитаев А. осы қызметінің ыңғайлылығын атап өтті, осы сервис арқылы процеске қатысушы кез келген уақытта үйден шықпай-ақ қызықтырған құжат немесе өтініш  көре алады. Сондай-ақ заңгер электронды рұқсат беру өтінішхатты қарау, сот отырысының аудио-бейне жазу туралы сервис көрсетілді. Банк өкілдері өз кезегінде сот кабинетінің елімізде пандемия кезіндегі артықшылықтарын атап, бірнеше мәселелер айқындалды.

Іс-шара барысында «Сот кабинеті» бойынша сұрақтар талқыланды. Қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

0
0
140

«Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы»

Жетісу аудандық сотында «сот актілерін орындаусыз, негізсіз қайтарылуы жөнінде» қашықтан ұялы байланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кеңсе меңгерушісінің м.а.                      А. Копжурсинов, сот мамандары, Әділет департаментінің өкілдері, жеке сот орындаушылары  қатысты. Дөңгелек үстел барысында сот актілеріндегі  мемлекет пайдасына өндіру  және сот актілерін орындауын негізсіз қайтару фактілері талқыланды. Әділет департаментінің өкілі А. Кенжиев алдағы уақытта сот орындаушылардың атқарушылық құжаттарын негізсіз қайтару фактілері қайталанған жағдайда сот орындаушыларға шара қолданылып, лицензияларынан айыру шарасы қолданатынын айтып өтті.

   «Дөңгелек үстел» соңында ортақ проблемаларды жақсарту мақсатында, сот актілерінің заңмен көзделген мерзімдерде  уақытылы орындауын қадағалап, ерекше бақылауда ұстап, өзара тығыз байланыс орнатуды ұсынды.

0
0
146

Қазақ тілінің дамуы әр азаматтың үлесі

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білу керек. 

    Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 

    Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндің әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. 

    Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы IX-XII ғасырлардығы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасқан еді. 

    Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл – біздің ана тіліміз – Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің еліміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. 

    Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып – Қазақ тілі белгіленді.

    Осы заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен қатар, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген». 

    Сонымен қатар, аталған заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. 

    Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

    Мемлекеттік тіл – тек қазақ тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлт аралық ортақ тілі. 

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. 

Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.  

Жетекші маман:                             Ж.Кунебаева

0
0
312

Жемқорлықты жою мемлекеттің өсіп-өркендеуінің кепілі

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңның мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудың жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін екшеп, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда. 

Ен алдымен бұл кеселді жоюға бағытталған заңымыз 1998 жылдан бері қолданылып келеді. Одан бөлек, жемқорлыққа тыйым салатын кешенді бағдарламалар да жүйелі жасалуда. Сондай-ақ Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да жемқорлықтың зардабы, оны болдырмаудың мақсат-міндеттері тұрақты көтерілуде. Әсіресе, бұл күресте күштік құрылымдарға ерекше салмақ жүктелген. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясат тұжырымдамасында құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдіру көзделген болатын. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда 2014 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық, Қылмыстық атқару, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қабылданды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару саласы реформаланды. 

Жемқорлық – іштен шалатын, елді дамытпайтын, қоғамды өсірмейтін дерт. Мұндай кемшіліктен дамыған елдердің өзі сақтандырылмаған. Содан болар, бұл елдерде кеселге қарсы тұрудың, жемқорлықтың себеп-салдарын анықтап, оның алдын алудың жолдары барынша тиімді қарастырылған. 

Сыбайлас жемқорлық – заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұсан келтіріп отыр. 

Одақтастар елдер ішінде алғаш рет жоғарыдағы қағидаларды құқықтық тұрғыда жүйелеп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдауды Қазақстанның жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялағанын дәлелдейді.

Міне осы құқықтық құжат өмірге келген 1998 жылдан бері сыбайластықпен күрестің, парақорлықты жоюдың, кеселді болдырмаудың, індеттің алдын-алудың тәсілдері қолданылып келеді. 

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқан емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. 

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ мінбет. 

Ол үшін аталған дертке қоғам болып ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. 

Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты – жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – төменгі жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агенттіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады. 

Елімізде сыбайлас жемқорлық заңдық актілермен реттелді. Дегенмен, жемқорлықпен күресті жүзеге асырудға орай көптеген құжаттар қабылданған. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекттік функциаларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы болып табылады. Жемқорлықты жою- еліміздің фундаментальды құндылығы болып табылады. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп,  еліміздің гүлденуіне жағдай жасай аламыз. 

Аға пристов          Д. Әділұлы

0
0
369

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны

          Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны өте маңызды деуге болады, Сот отырысы хатшысының жұмысы  күрделі, көп функциялды және сонымен бірге өте қызықты болып келеді. Көпшілігі хатшының жұмысы бір қарағанда өте оңай, сот отырысына қатысып, барлық іс қимылдарды хаттамаға түсіріп отырса болғаны деп ойлайды, әрине бұл олай емес, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы сот құжаттарының дұрыс, дәл, құзыретті түрде жасалуы, сот отырысының хаттамасында барлық іс әрекеттердің баяндалуы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына уақытылы қатысуы, азаматтық істерді ретімен дайындауды, сот актілерін және басқа да көптеген құжаттарды есепке алу нұсқауларына сәйкес реттеуді, сот құжаттарын, актілерін тараптарға жолдауды, азаматтық істерді реттеп, тігіп кеңсеге өткізуді, жеке шағым немесе апелляциялық, кассациялық шағым түскен жағдайда жоғары тұрған инстанция жолдауды, т.б жүмыстарды атқарады . Сот отырысының хатшысы ұйымдастырған жұмысынан оның жауапкершілігі, сауаттылығы, адалдығы мен дәлдігі, судьяның жұмысы мен имиджі негізінен байланысты.                                                    

             Сот отырысының хатшысының жұмысы ауыр болғанына қарамастан, атқаратын қызметінің жақсы жақтары жоқ деуге де болмайды, Сот барысында білікті заңгерлерді тыңдау, іс материалдарын зерделеу, белгіленге мәселені мәселені дербес талдай отырып, олардан қорытындыларын шығарып отырады. Талапкерді де, респонденттен де тәжірибелі адвокаттардың қатысуымен әртүрлі заңдық амалдарды қолдана отырып, дәлелді жеңіп алу үшін процестерді қадағалау қызықты екені анық.

            Қазіргі таңда, сот жүйесінде ақпараттық және заманауи технологиялардың дамуына байланысты, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады. Әрине мынадай жаңашылдықтар сот отырысы хатшысының жұмысын әлде-қайда жеңілдетеді.

             Мемлекеттік қызметшілер сияқты, сот отырысының хатшыларына қойылатын талаптары қызметшінің беделін жоғарылату мақсатында көбейтіледі. Сот отырысының хатшылары, сот отырысының ауыртпашылығына, талаптарына қарамастан, мұқият, жауапкершілікті түрде өз міндеттерін атқаруда.             

           Сөзсіз, сот отырысының хатшысының атқаратын  жұмысы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі өте маңызды рөлдердің бірі болып табылады.

            Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі м. а. А. Копжурсинов

0
0
311

Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізілді

         Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе меңгерушісі  Г.C.Керимбекова, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізді.

      Семинар барысында Г.C.Керимбекова  сот мамандарына кодекстің негізгі ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметті жүзеге асыру ерекше сенімділіктің көрінісі болып табылатынын, және жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің моральдық - этикалық сипатына қойылатын талаптардың күшейіп жатқандығын атап өтті.

      Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі Әдеп кодексінің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік қызметтін беделін түсіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеуге бағытталған және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін сақтауда жауапкершілік деңгейін көтеруге бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылатындығын тілге тиек етті.

       Семинар соңында мемлекеттік қызметшілердің әдебін, еңбек тәртібін қатаң түрде сақтауы тиістілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары мен үрдістері айтылды.

      Алматы қаласы Жетісу аудандық соты  

0
0
203

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "ашық есік күні" өткізілді

     2019 жылдың шiлде айының 01-шi жұлдызында   Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында құқықық көмек көрсету мақсатында "ашық есік күні" өткізілді

         Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтары бойынша ашық есік өтті.       Ашық есік барысында Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қатысушылармен түсіндіру сұхбатын өткізді. Азаматтардан, азаматтық істің қаралу мерзімі, тәртібі туралы және жеке басына қатысты сұрақтар сұрақтар түсті. Азаматтардың қойылған барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.       Сотта осындай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсаты, құқық мәдениетін көтеру, тұрғындардың сот системасына сенімін көтеру және де сот әділдігіне қол жетімділігі болып табылады.      

           Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
147

Мұраны қабылдау ерекшеліктері.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1042 бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

      Мұраның ашылу уақытына қарай мұрагерлік істерді қарау кезінде соттар мұраның ашылу сәтінде қолданылып жүрген заңнаманы қолдануы тиіс. 

Мысалыға, 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылған Казақ КСР Азаматтық кодексінің 542 бабына сәйкес, мұраны алу үшін мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап алты айдың ішінде мұра ашылған орын бойынша нотариаттық кеңсеге арыз беру арқылы мұраны қабылдауға немесе мұрагерлік мүлікті нақты басқаруға міндетті.

        1999 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім 1072-2 бап) сәйкес, мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап, егер мұрадан бас тартпаса, мұра алу құқығынан айырылмаса және оны мұрагер деп тағайындау туралы өсиеттік өкімді тану салдарынан мұра алу құқығын жоғалтса, өзіне тиесілі мұраға немесе оның бөлігіне құқықты иеленеді.

      2007 жылдың 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен Азаматтық кодекстің мұрагерлік мәселелер бөлігіне өзгерістер енгізіліп, мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін екендігі бекітілген.

Айтылғандар негізінде, мұраның ашылу уақытына қарай, сол кезде қолданыста болған заңның талаптары ғана қолданылуға тиіс.

Егер мұрагер мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгіну арқылы мерзімді қалпына келтіруге болады.

Заң талаптарына сәйкес, мерзімді қалпына келтіруге мынадай шарттар қажет:

-мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алу;

-мұрагердің мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде талап арызбен сотқа жүгінуі.

Егер де мұрагер сот алдында мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын анықтайтын тиісті дәлелдер ұсынса, сот мерзімді қалпына келтіре алады және мұраны қабылдады деп тани алады.

Практика жүзінде мұрагерлер өздерінің құқтарын білмеуі салдарынан заңмен белгіленген алты ай мерзімді өткізіп алатыны кездеседі.

         Азаматтық кодекстің 1072-1 бабына сәйкес мұраны қабылдаудың екі тәсілі бар. Біріншісі - мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Екіншісі - егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе; мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе және өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

      Алматы қаласы Жетісу  аудандық сотының судьясы С. Қанатбаев

0
0
595

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

           Алматы қаласы Жетісіу аудандық сотында  азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізді. 

       «Ашық есік» күні  кеңсе меңгерушісі  И.А. Кумысбаева азаматтарды қабылдады. Бұл шараға аталмыш аудан тұрғындары қатысып азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыптағы сұрақтарын қойды. Кеңсе меңгерушісі сотқа келушілердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп,  талап арызбен  жүгіну тәртібі   түсіндірілді.

       Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай апелляциялық және жеке  шағым беру үшін азаматтық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. 

     Одан бөлек азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған қашықтықтан сот процестерін өткізу, "Сот" кабинеті" және тағы басқа электрондық жүйелер түсіндірілді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
297

"Сот жұмысымен таныстыру" атты семинар өткізілді

                 Алматы қаласы Жетісу  аудандық   сотында 16 мамыр 2019 жылы жас ұрпақты құқықтық тәрбиелеу және болашақ мамандарды сот жұмысымен таныстыру  мақсатында аудандық сотының бас  маманы  Н.   Сеиловтың  өткізілуімен    "Тұран"  колледжінің 2-курс  студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерге азаматтық істерді қарау ерекшеліктері мен электрондық технологиялар қолдану туралы баяндап өтті.

            Аудандық сот судьясы  инновациялық технологиялар туралы ақпарат берді, инновациялық технологиялар сот қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін  және сот төрелігін қолжетімді ететінін айтты.

           Сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу туралы айта отырып, бастысы сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға түсіру екендігін атап өтті.

           Кездесу барысында студенттер азаматтық істерді қарау тәртібі мен мерзімдері, мемлекеттік қызметке түсу және одан өту, оқу практикасын өту шарттарымен сотта тағылымдамадан өту сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойылды.                

         Н.   Сеилов,    студенттерге азаматтық істерді қарау шарттары мен тәртібін,сондай-ақ соттарда білім беру тәжірибесі мен тағлымдамадан өту үшін мемлекеттік қызмет шарттарын қабылдау және өту тәртібін ережелерін түсіндірді.

        Кездесуді аяқтай отырып, аудандық сот судьясы студенттеге сапалы білім алып, өз ісінің білікті мамандары атанып шығуына тілек білдірді.

0
0
105