Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты

              Алматы қаласы Жетісу аудандық  сотында Қазақстан Республикасының гендерлік саясатын жүзеге асыруда азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты» тақырыбында тренинг өтті.  Аталған тренингке сот қызметкерлері және Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасының прокурор көмекшісі Айнур Мендуллаева Жусупованың қатысуымен өткізілген болатын.
           А.А. Жусупова өз сөзінде ол қазіргі заманауи әлемдегі әйелдің орны, оның құқықтары, мүмкіндіктері мен алдында тұрған сын-тегеуріндері жайлы айтып өтті. Сонымен қатар тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Республикасы әйелдің құқықтары мен мүдделерін қорғау аясында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырғанын баса айтты. Елімізде жыныс бойынша теңдік заңи түрде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясына сай бәрі заң алдында тең, әркімнің өмір сүруге, жеке бостандығына , жеке өміріне тиіспеушілігіне,  ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына, еңбек етуге, демалуға, білім алуға және өзге де құқықтарға теңдей ие.                                                                 
 А.А. Жусупованың айтуы бойынша еліміздің Конституциясында жынысына орай ешқандай шектеу қойылмаған және адамның жынысы оны өмірдің қандай да болсын аясында кемсітуге негіз болып табылмайды деп көрсетті.
        Іс-шара қатысушылары аталған тақырыпты талдай келе, гендерлік теңдікті қалыптастыру үшін қоғамның санасында ер мен әйелдің әлеуметтік теңдігін қалыптастыруды жүзеге асыру үшін іс шаралар жүргізілу керек деген қорытындыға келді. Өткізіліп отырған іс шара бір реттік болып қоймай, тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр керек.  
       Іс шара соңында мамандар өз пікірлерін айтып, мәселелерді шешу жолдарын ұсынды

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
132

Еліміздегі гендерлік саясатқа қатысты тренинг өткізілген болатын

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.

Аталған іс-шараға жоғары аталған соттың кеңсе мамандары қатысқан болатын.

Тренингте  талқыланған басты мәселе, ол Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат.

Д. Бақытжанов.  өз баяндамасында, гендерлік саясат – ол мемлекеттік және қоғамдық әрекет, қоғамның өмірлік іс әрекетінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің теңдігіне жетуге бағытталғанын атап айтты.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ерлер және әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында анық прогресске жеткен. Мемлекеттік гендерлік саясат мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген стратегияға сәйкес жүзеге асырылады. Оның ішінде Қазақстан үшін гендерлік көрсеткіштер анықталған, мыңжылдық даму бағыты мен әйелдерге қатысты барлық формадағы кемсітушіліктерді жою туралы Конвенция қағидаларын басшылыққа ала отырып. Стратегиямемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған негіз қалаушы құжат болып табылады.

 Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жүзеге асыру аясында қоғам санасында ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық саласында әлеуметтік теңдігінің қажеттілігін қалыптастыратындығы туралы ерекше атап өтілді.

Қазақ тілі ‑ халықтың рухани, мәдени байлығы мен дамуының құралы

Алматы қаласы Жетісу ауданының аудандық сотында сот приставы                                       Ж. Сулеймановтың және сот қызметкерлірнің қатысуымен  «Қазақ тілі ‑ халықтың рухани, мәдени байлығы мен дамуының құралы» атты тақырыпта семинар өтті.

Тренинг барысында  Ж. Сулейманов: «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойыша біздің басты мақсатымыз ‑ әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазақстан - әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Қазақ тілі ‑ халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ‑ ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Бүгінгі күнде барша азаматтарымыздың мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық жағдай ұйымдастырылған. Әрбір мемлекеттік қызметкер қазақ тілін жетік меңгеру қажет.

Жиын соңында семинарға қатысушылар мемлекеттік тілдің сот саласындағы қолданылу сапасын арттыру бағытында бірлесе жұмыс атқаруға келісіп, тиісті ұсынымдар қабылдады. 

0
0
131

Соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша тренинг сабағы өткізілді

Алматы қаласы Жетісу ауданының аудандық сотында кеңсе меңгерушісінің И.А. Кумысбаеваның  және сот қызметкерлерінің қатысуымен соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісінің И.А. Кумысбаеваның қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды атап өтті.

Кеңсе меңгерушісінің И.А. Кумысбаева: «Конституциялық құрылымға қауіп төндірудегі ерекше рөл сыбайлас жемқорлыққа тиесілі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жайлы ақпараты бар адам мемлекеттік органдар басшылығын, не ұйым қызметкерлерін, не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органын хабардар етуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» - деп көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәлімет беру мәселелері бойынша пікір алмасты.

0
0
140

Ашық есік күні өткізілді

2018 жылдың қараша айының 20-шы  жұлдызында   Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, мақсатында  аталған соттың төрағасы Қ.А. Ермековтың қатысуымен және қала тұрғындарымен  ашық есік күнін  өткізілді.

         Аталған іс-шара шегінде неке және отбасылық заңнамамен реттелетін туындаған сұрақтармен, кәмелетке толмаған балаларды  бағу үшін алимет өндіру және сот актілерінің орындалуы, әкелікті таныту,  ата-аналық құқықтан айыру туралы  сұрақтармен жүгінді.

       Қ.А. Ермеков аталған сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормалары негізінде  жауап берді.

      Аталған іс-шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін котеру, сондай-ақ, әділдікке қолжетімділік мақсатында өткізіледі.

       Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

Ашық есік күні өткізілді

            2018 жылдың қыркүйек айының 27-ші жұлдызында   Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, мақсатында  аталған соттың кеңсе меңгерушісу И.А. Кумысбаеваның қатысуымен және қала тұрғындарымен  ашық есік күнін  өткізілді.

          Аталған іс-шара шегінде неке және отбасылық заңнамамен реттелетін туындаған сұрақтармен, кәмелетке толмаған балаларды  бағу үшін алимет өндіру және сот актілерінің орындалуы, әкелікті таныту,  ата-аналық құқықтан айыру туралы  сұрақтармен жүгінді.

        И.А. Кумысбаева аталған сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормалары негізінде  жауап берді.

       Аталған іс-шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін котеру, сондай-ақ, әділдікке қолжетімділік мақсатында өткізіледі.

        Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 

0
0
109

Мемлекеттік тілдің қолдануын кеңейту

            2018 жылдың қыркүйек айының 28-шы жұлдызынында,  Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе қызметкерлерімен бірге «мемлекеттік тілдің қолдануын кеңейту» атты семинар сабақ өткізілген болатын.                                                                                                                                                                     

            Семинар мемлкеттік тілді дамыту және жақсырту, үш тіл концепцияны енгізу мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Іс-шара талқылау ретінде өткізілген.                                                                     

           Талқылау кезінде аудандық соттың кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысыбаева өз сөзінде үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетін ескертті.                                                                                                    

          Семинар барысында қатысушылар латин алфавитіне кезең-кезеңмен ауысу және мемлекеттік органдарының рөлі мен іс жүргізу жұмысына байланысты сұрақтарды жан-жақты талқыланды.                                                                             

             Алматы қаласы Жетісу ауданық соты  

0
0
100

Қазақстан Республикасының Конституциясы - тәуелсіздік кепілі

          Алматы қаласы Жетісу  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция Күнінің қарсаңында "Қазақстан Республикасының Конституциясы - тәуелсіздік кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

        Соттың төраға міндетін атқарушы А.А. Кушербаеваөз сөзінде: "Конституция - бұл контитуциялық құрылымның негіздерін ретке келтіретін, адам мен азаматтың құқықтық жағдайын, басқарма нысанын реттейтін, мемлекеттік құрылымның іргетасын, адамның құқығы мен бостандығын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы екендігін айтты.

       Конституцияның басты аспектілері - жалпы мойындалған демократиялық құқықтық идеялар мен принцептердің бағдарлануы болып табылады» - деп атап өтті.

       Сондай-ақ, сот билігіндегі Конституциясының басты баптарына арналған іс-шара барысында қатысушылар "Конституция-бұл азаматтардың пікірін қорғаудағы ең сенімді кепілі,сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық әл-қуаты, рухани даму мен гүлденудің жолы" деген пікірге келді.

0
0
218

Еліміздегі теңдік саясаты

БҰҰ Бас Ассамблеясының 25 қарашаны  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен  күрестің халықаралық күні деп жариялаған қарары 1999 жылғы 17 желтоқсанда қабылданды. Онда мемлекеттерге, халықаралық...

БҰҰ Бас Ассамблеясының 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен  күрестің халықаралық күні деп жариялаған қарары 1999 жылғы 17 желтоқсанда қабылданды. Онда мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шараларды осы күнде өткізу ұсынылды.

Жыл сайын бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы акцияларын  25 қараша күні өткізеді.

Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны ратификациялады. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Еліміз Әйелдерге қатысты барлық кемсітушілік көріністерін жою туралы конвенцияға 1998 жылы қосылды. Бұл конвенцияның 18-ші бабында оған қатысушы мемлекеттер 4 жылда бір рет БҰҰ-ға конвенцияның жүзеге асыру барысы туралы баяндап отырады

Біздің елімізде 1999 жылы Ішкі Істер органдары жүйесінің құрылымында әйелдерге зорлық зомбылық жасау көріністеріне қарсы күрес жөніндегі бөлімдер құрылған. Осыған қарамастан елімізде ерлерден гөрі әйелдер екі есе бұзақылық пен тонау қылмыстарының құрбанына айналады. Әйелдердің 60 пайыздан астамы күштеу мен зорлық зомбылыққа тап болса, әрбір үшінші әйел өз күйеулерінен озбырлық көреді екен.

Атам қазақ әйелді «ақ жаулықты ана» деп ардақтаған. Ел билеген хандар, батырлар мен билер, ақындар мен жазушылар ақ жаулықты аналардан туды емес пе?

Алмағайып заманда ерлермен бірге елі үшін қолына қару алып, қыздарымыз жауға қарсы шықты, балалы әйелдер ошақтарының отын өшірмей, Отанда қалып маңдай терін төкті. Өрімдей қыздарымыз өжеттілік танытып желтоқсанның ызғарында Тәуелсіздік үшін кеудесін оққа тосты. Осындай қазақ халқы үшін жанын берген, біртуарларын дүниеге әкелген әйелдердің бүгінгі ахуалы қандай? Алданған жар, төгілген абырой. Расында бүгінгі қыз-келіншектер алыптарды дүниеге әкелетіндей халде ме? Құдай қосқан қосағынан қорлық көрген аналардан дені сау ұрпақ, кикілжіңге жақын жанұядан тәрбие алған баланың болашағы қандай болмақ? Өкініштісі сол, осы күні «әйел – ана, еркек – пана» деген текті сөздің төркінін түсінбейтіндер көп.

Дініміз әйелдерді сыйлауға, жақсы көруге және оған құрметпен қарауға үндейтінін аңғаруға болады. Әйелдердің күйеуіне, жанұялық өміріне, мүлікке, мұрагерлікке тағы көптеген басқаларға қатысты құқықтары қасиетті Құранның өзінде, хадистерде, сондай-ақ, шариғатта көрсетілген. Ислам қағидасы бойынша ер мен әйел біртұтас, қандай жағдайда да бөлуге болмайды. Олар үшін бір-бірінсіз мына әлем мәнсіз, олардың әрқайсысының өмірдегі мұраттары мен мақсаттары және атқаратын міндеттері алдын-ала анықталған. Расында да Алла әйелді Жаратушысына бағынып, жанұясының түтінін түзу түтетуге, бәрінен бұрын дүниеге сәби әкеліп, ұрпақ жалғастыру үшін жаратқан. Мұсылман әйелдер үшін жанұя мәселелері оның жеке қызығушылықтары мен кеудемсоқтығынан әрқашан басым тұрады. Тым тырысу, қызметте өсу, кәсіби жетілу оның жанұясына зиянын тигізетіндей болса, одан дереу бас тартады. Мұсылман әйелдері алдыңғы кезекте жанұясының игілігін ойлауы тиіс. Сондай-ақ, Ислам әйелдерге саяси немесе қоғамдық өмірдің басқа да салаларында табысқа қол жеткізуге тыйым салмайды, керісінше өзі өмір сүріп отырған қоғамды дамыту, көркейту үшін атсалысуға даяр әйелдерді мадақтайды екен. Сол үшін де қазақ «ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп әйел адамды әспеттей білген.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай 

0
0
115

Конституция күні ұлттық мереке

          Еліміздегі ең жоғары заңдық күші бар ата-заңымыз 1995 жылы тамыз айының 30-шы жұлдызында қабылданған болатын. Ал 1993 жылдың 28-ші қаңтардағы қабылданған тұңғыш Конституция екі жылдай қолданылып, өз...

        Еліміздегі ең жоғары заңдық күші бар ата-заңымыз 1995 жылы тамыз айының 30-шы жұлдызында қабылданған болатын.

        Ал 1993 жылдың 28-ші қаңтардағы қабылданған тұңғыш Конституция екі жылдай қолданылып, өз әлеуетін тауысқан болатын. 1993 жылы қабылдаған Конституция – тарихи маңызға ие болғанымен, жаңа мемлектеттік қажеттіліктеріне жауап беретін құқықтық нормалар мен идеяларды тұжырымдаған жоқ. Сондықтан да жаңа конституцияны қабылдау ең өзекті мәселе болып, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз – Конституцияны қабылдадық, бұл ата-заңымыздың ерекшелігі бүкіл халықтық референдумда қабылданған болатын.  Жыл сайын 30 тамызда –Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді.

        Ата Заңымызда «Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы-адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде және де Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып. Конституцияның қабылдануымен мемлекеттiк биліктiң пәрмендiлiгiн қамтамасыз еткен, маңызды әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi жүргiзудi жеделдетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген тетiк жасалды

        Ата Заң біздің бүкіл жасап жатқан жұмыстарымыздың жоспарларымыздың қайнар бастауына айналды десе де болады. Конституция мызғымас еліміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары,  жарқын болашағымыздың  кепілі!

        Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституцияны қабылдап  еліміз жаңа дәуірге қадам басты.

       Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы                                                А.А. Баймухамбетова

0
0
118