Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

Аталған шарада Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сотқа келушілерді жеке – жеке қабылдап, әр азаамат пен азаматшаның сұрақтарына назар қойып тыңдап, жеткілікті әрі түсінікті жауап берді.

Сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Тұрғындары тарапынан  «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы арыздарды беру мүмкіндігі туралы сұрағандар да болды. Кеңсе меңгерушісі арыздар мен үндеулерді «Сот кабинеті», «Сот кабинеті» ұялы қосымшасы» электрондық желісі арқылы беру мүмкіндігі толықтай бар екенін және ыңғайлы екенін айтып, жауап қайтарылды.

Бұл желі бойынша ҚР ның Сот жүйесінің жаңалықтарын қарауға, онлайн тәртібінде тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты табуға, ұялы жабдығына жазылған Сот кабинеті веб – желісі арқылы сот органдарына жолданылған құжаттарды қарауға, сот органдарына берілген сот құжатарының мәртебесін қарап отыруға, сот органдарына қол қойылмаған арыздар туралы ақпараттарды қарап отыруға, бұл қосымшасы бар тұлғалар текстілік хабарламалар жолдауға мүмкіндік береді- деді Жетісу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева.      

Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды. Ашық есік күніне келген әр азаматтың сұрағына кеңсе меңгерушісі толық түсіндірмелі түрде жауап берді.

      Сотта «Ашық есік» күні айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрақтарына толықтай жауап алуына мүмкіндіктер қаралған.

Осы тақырып бойынша