Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Гендерлік теңдік" атты тренинг өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында сот мамадары мен кеңсе меңгерушісі арасында «Гендерлік теңдік саясаты» тақырыбына арналған тренинг сабағы өткен болатын.

 Гендерлік теңдікті жақтап кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева өз баяндамасымен сөз сөйледі. Баяндамада қазіргі таңдағы әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған халықаралық конвенцияларға айрықша көңіл бөлінді. Одан бөлек, «1966 жылы 16 желтоқсандағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық халықаралық пакт (2005 жылы 21 қарашада Қазақстан Республикасымен ратификацияланған) бойынша әйелдерге ерлерден кем емес еңбек жағдайлары кепілдендіре отырып, еңбегіне сай ақы төленуі тиіс деп көрсетеді. Ана мен баланың балалық шағы заңның қорғауында болуы тиіс. Біздің мемлекетіміздің заңнамасы әйелдердің жұмысын физикалық емес немесе санитарлық және тұрмыстық қызмет көрсету жұмыстарынан басқа ауыр және зиян еңбек жағдайлары бар еңбектерге қолдануға рұқсат бермейді ».

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде әйелдердің құқықтары саласында 60 астам халықаралық-құқықтық актілерге қосылып отыр, оған адам құқығының Бүкілхалықтық Декларациясы, бала құқығы туралы Конвенциясы, әйелдердің саяси құқытары туралы Конвенциясы, әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы атап өтуге болады.

Әйелдер мен ерлер барлық қызмет саласында тең құқықтарға ие. Бұл тұжырымға әйелдердің саны ерлермен теңдей болатын сот жүйесінің мысалында көз жеткізуге болады. Сот жүйесінің мамандары арасында әйелдер саны ерлерге қарағанда басым болып тұрғандығын.

Тренинг барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, көзқарастарымен бөлісіп отырды.

Сөз соңын қорытындылай келе, гендерлік саясат саласында жүргізіліп отырған осындай іс-шаралар демократиялық және құқықтық мемлекетті қалыптастыруға септігін тигізетіні туралы айтылып өткен болатын.

Осы тақырып бойынша