Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Дауларды сотқа дейін шешу жолдарын дамыту" атты тренинг сабақ өткен болатын

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Ж.К.Асановтың тапсырмасын орындау мақсатында, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында дауларды сотқа дейін шешу жолдарын дамыту туралы тренинг өтті.

Іс-шараға кәсіби медиатор Б. Абдураимов пен "Тұран" колледжінің студенттері қатысқан болатын.  

Б. Абдураимов өз сөзінде, медиация дауларды шешудің ең жұмсақ нысаны болып табылады, онда жанжалға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесіне, біліміне және кәсіптілігіне сүйене отырып, өзара пайдалы шешімге дербес қол жеткізеді. Сол себепті де медиатордың тараптармен деген әрбір қарым қатынасыңыз сыпайылықа, заңға сүйене отырып шындыққа, екі тарапқа да тиімді дербес шешім болуға тиісті және солай шешіліп жатқанына сеніміміз мол. Және де медиация – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың келіспеушіліктерін шешуге қолданылады - деп атап өтті

    Іс-шараның соңында, іс-шараға қатысушылар өз пікірлерін білдірген болатын.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша