Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Алматыдағы аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Әлеуметтік желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің Алматы қаласындағы Жетісу ауданы әкімінің орынбасарын ұстап жатқан видеосы ( https://www.instagram.com/p/C1q5B_aMYPG/ ) тарады.

Ұсталған шенеунік жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініпті.

«Бұл сома мемлекеттік сатып алу шарттарын бекітуге, атқарылған жұмыс актісіне қол қоюға көмектескені және жалпы қамқорлығы үшін берілген», – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

0
0
277

Ресей мен Украина соғыс басталғалы бері ең көп көлемде тұтқын алмасты

Екі тарап өкілдерінің мәлімдеуінше, Украинаға 230, Ресейге 248 адам оралған. Сөйтіп, аталған екі ел тамыз айынан бері алғаш рет тұтқын алмасты.Ресми Киев бұл «оралған отан қорғаушылардың саны жөнінен» ең ірі алмасу болды деп отыр.Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл елге оралған тұтқындардың 213-і жауынгерлер мен сержанттар, 11-і офицер, алтауы азаматтық қызметкерлер. Омубдсмен Дмитрий Лубинец түрмеден босағандар арасында Мариупольды, «Азовстальды» және Змейный аралын қорғағандар бар дейді.Ал ресейліктердің айтуынша, тұтқыннан босап, бұл елге оралған 248 адамның 75-і «Азовсталь» қорғанысының бес командирімен алмастырылған.Тұтқын алмасу Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауымен жүргізілді.Зеленский тұтқындағы әр адам Украинаның есінде болатынын, олардың түгел оралуы керекті…

0
0
224

Полицейлер 6 күн қолайсыз ауа райы кезінде 42 мың көлікке жол бастап жүрген

Ал жаңа жылдың алғашқы күндерінде еліміздің патрульдік полицейлері 6 мыңнан астам көлікке жол бастап жүрді. Бұл туралы POLISIA.KZ телеграм-арнасында хабарланды.Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік үшін ІІМ қозғалысты тоқтатуды, сондай-ақ жолда көліктерге жол көрсетіп, автокөлікпен ілесіп жүруді қамтамасыз етеді. Тәулік сайын қала сыртындағы жолдарда мыңнан астам патрульдік полицей қызмет атқарды. Олар 250-ден астамы патрульдік маршрутқа қызмет көрсетеді.Өткен жылдың 28 желтоқсанынан жаңа жылдың 3 қаңтарына дейін 42 мың автокөлікті алып жүру ұйымдастырылды. Ал жаңа жыл түні мен 2024 жылдың алғашқы күндерінде патрульдік экипаждар 6 мыңнан астам көлік пен 15 мың азаматты ашық жолға дейін алып жүрді.Сондай-ақ, жолды жабу туралы талаптарға бағынбаған 8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тарт…

0
0
158

«Кеттің бе – қайы­рыл­ма!» Тоқаев қосарланған билік туралы сауалға жауап берді

Бүгін мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ең өткір сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғаннан кейін қосарланған билік жайлы әңгіме шыққанына қатысты сауал қойылған еді.«Сіз 2019 жылы Президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосар­ланған билік жүйесі қалыптасты-мыс деген сөз тарады. Кейбіреулер біздің саяси жүйемізді Иранның, Сингапурдың жүйесімен салыстырды. Шынымен де, сол кезде елімізде екі билік орталығы орнағандай көрінді. Расымен солай болды ма?» – деп сұрады журналист Дихан Қамзабекұлы.Бұл сұраққа тура жауап берген президент қосарланған билік жүйесін орнату әрекетін әлдебіреулердің әдейі әрі мұқият ұйымдастырғанын айтты.«Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған…

0
0
353

Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?

Қазір «2024 ұлу жылы ма, айдаһар жылы ма?» деген сауал төңірегінде шамалы түсінбестік туындап отыр. Бұл жерде ұлу қазақтыкі, айдаһар қытайдыкі деп кесіп айта салуға да болар еді. Бірақ басқа да деректердің ұшы қылтиып тұр.Шымкенттік танымал тарихшы мұғалім Өмір Шыныбекұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында ( https://www.facebook.com/omir.shynybekuly ) қызықты дерек жариялады. Онда кеңес археологы әрі этнографы Борис Куфтиннің (1892-1953 ж.ж.) «Этнографическое обозрение» журналында (1916 ж., №3-4) жарияланған «Календарь и первобытная астрономия киргиз-казацкого народа» атты еңбегі келтірілген.Орыс ғалымы бұл еңбегінің қазақтың 12 жыл атауына түсініктеме беретін тұсында ұлу жылын былай деп жазыпты: «луу – дракон».Жазбаға пікір қалдырғандардың бірі «луу» моңғол тілінен аударғанда «айдаһар» де…

0
0
847

Күнгейдегі мегаполисте ұлтаралық татулық беки түсуде

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев өзбек этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті. Кездесу «Достық үйі» ғимаратында өтті.Аталған басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында этносаралық тұрақтылыққа сызат түсіретін жағымсыз жайттардың алдын алу мәселесі қаралған. Бахтияр Өнербаев өзбек этномәдени бірлестігінің көшбасшыларына ішкі тұрақтылық пен жастар арасындағы этносаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, жастармен жұмысты жандандыруға қатысты бірқатар нақты міндеттерді жүктеді.Кездесуде Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов пен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы…

0
0
364

Кәсіп ашқандарға қайтарымсыз гранттың шапағаты тиіп жатыр

Шымкенттік көпбалалы ана гранттың көмегімен жылыжайда құлпынай өсіріп, өнім ала бастады.Шымкент қаласының тұрғыны Субхидам Мойдинова мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаржысына үй ауласындағы 1,5 соттық жерге жылыжай орнатып, 1500-ге жуық құлпынай көшетін отырғызған. Көпбалалы әрі ерекше бала асыраушы отбасы бұл күндері құлпынайдың кабрилла сортынан алғашқы өнімін ала бастады. Еңбекқор ана істің көзін тауып, аядай жерден жылына үш рет өнім алуды жоспарлап отыр. Өнімді мол алу үшін тамшылатып суару әдісін қолданады.«Ниет болса барлығына қол жеткізуге болады екен. Үйде бала-шағаммен құр отырмайын деп осы істі бастадым. Әзірге құлпынайды дүкендерге өткізіп жатырмын. Шыны керек осы табысыма қайтарымсыз грант үлкен көмек болды», – дейді Субхидам Мойдинова.Халықтың тұрмысын жақсартуда мемлеке…

0
0
345

Жемқорлықпен күресте қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардың үлесі мол

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқау жеңімпаздары марапатталды.Қала әкімдігінде Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні қарсаңында арнайы іс-шара өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин, қалалық басқарма басшылары, сонымен қатар, белгілі актер Берік Айтжанов, режиссер Медет Аманбаев қатысты.Қала әкімінің бірінші орынбасары басқосудың маңызын айта келе сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Қалада басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған.Дәурен Ерғарин сыбайлас жемқорлықпен күресте құқықбұзушылықты болдырмау маңызды екенін мәлімдеп, 2023 жы…

0
0
321

Шымкенттік жастар 16 күндік акция аясында флешмоб өткізді

Бұл акцияға үшінші мегаполис тұрғындары басталған күннен үн қосып келеді.«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» Шымкент қаласының жастары Әл-Фараби алаңында осындай атаумен флешмоб өткізді. Іс-шара еліміздің ішкі істер министрлігінің нұсқауымен жүргізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында өтті.«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған флешмобқа полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен қала жаста…

0
0
204

Күнгейдегі мегаполисте ғылымды дамытуға мол мүмкіндік бар

Шымкентте алғаш рет жас ғалымдар слеті өтті.«QazScience: жас ғалымдар слеті» атты ғылыми іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды. Бұған Шымкент қаласының әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Alageum Electric» АҚ мұрындық болып отыр.Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан осындай жиынға өңірдегі ЖОО басшылары, бизнес пен индустрия саласында жетістікке жеткен ірі өндіріс орындарының жетекшілері мен медицина, энергетика, нанотехнология, аграрлық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардың ғалымдары мен олардың жас әріптестері қатысты.Слетті Ұлттық ғылыми академиясының президенті Күнсұлу Закарья ашып беріп, бүгінгі жас ғалымдардың слеті еліміздің ғылыми әлеуетін, ғылым мен өндірістің байланысын, ондағы туындаған мәселелерді ортаға салып, жастардың ұсынысы…

0
0
181