Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«Бульдозер өтіп жатқандай». Бүгін Алматы мен оның маңында болған жер сілікінісі туралы жұрт не деді?

Бүгін Алматы қаласының маңында таңертеңгі сағат 9:10 шамасында 4.6 балдық жер сілкінісі болды. Оның ошағы мегаполистен шығысқа қарай 55 шақырым жерде тіркелген.

Фото: total.kz

Соның салдарынан Түргенде 3 балл, Алматыда 2 балл дүмпу сезілді.

Осыдан кейін зілзала ошағы маңындағы тұрғындар қатты дүрлыгып қалды. Олар өз әсерлерін әлеуметтік желіде (https://www.instagram.com/p/C1yTOgaKEmG/?igsh=aHZtOWtjOWE1Ymc1) жарыса жазып жатыр.

«Сезінгеніміз былай тұрсын, секіріп кеттік», «Иә, Есікте сезілді», «Бульдозер өтіп бара жатқандай сұмдық болды», «Түргенде қатты дүмпу болды», «Иә, 9:10 шамасында болды. Мен қорыққанымнан далаға атып шықтым», «Біздің Тұздыбастауда да әжептәуір дүмпу болды», «Мен немене дүрс ете қалды деп қоямын», «Алматыда да сезілді» дейді жұрт.

0
0
698

Осы тақырып бойынша