Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Желіде дегелектің ұясын бұзғандардың видеосы жұрттың көзіне жас алдырды

Әлеуметтік желіде дегелектің ұясын бұзғандардың бейнежазбасы тарады.Видеодан өрт сөндірушілердің электр бағанасының басындағы құстың ұясына су шашып жатқанын көресіз. Содан ұя жерге шашылып түскеннен кейін оған дегелек ұшып келе жатады. Оның жоқ екенін көрген кезде құстың аузынан шөбі түсіп қалады. Сосын дегелек ұясының орнында аспанға қарап біраз тұрады. Мұндай жүрек шымырлатар бейнежазбаны көрген желі қолданушылары киелі құсқа обал екенін айтып жатыр. Көбі тіпті еріксіз көзіне жас алыпты. Бірақ бұл жағдайдың арты жақсы болған екен. Кейінірек пайда болған екінші видеода дегелектің ұясы тура сол орында тұрады. Сөйтсе, құтқарушылар құстардың қауіпсіздігін ойлаған екен. Олар тура электр сымына жабысып тұрған ұяны бұзып, жаңасын тура сол жерге жоғарырақ орнатып, дегелектерге қауіпсіз жағдай…

0
0
1166

Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 7 сәуірде Алматы уақытымен 13-46 сағ.жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5
MPV магнитудасы 5.3
Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09° Тереңдігі 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді.

https://t.me/qr_tjm

0
0
244

Бектенов Құлсарыға барып, өңірдегі жағдайды тікұшақпен бақылады

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы қазіргі жағдайды тексерді. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты. Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су б…

0
0
287

Қостанайдың бүгінгі жағдайы (видео)

Қостанай қазір төмендегі видеолардағыдай болып тұр. Бұл бейнежазбаларды «Sputnik Қазақстан» (https://t.me/sputnikKZ) телеграм-арнасының оқырмандары су басқан аумақтан жіберіпті.

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Бүгін оның тереңдігі 825 см-ге дейін жетуі мүмкін. Ал ең жоғары көрсеткіш – 600 см. Сосын су деңгейі төмендейді деп күтілуде.   

Бұл аумақтан 4 мың адам, соның ішінде мыңнан аса бала қауіпсіз жерге шығарылған.

0
0
243

Наурыз айында мемлекеттік шекарада 1500-ден астам заң бұзушы ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылғы наурыз айындағы іс-қимыл нәтижелерін жария етті.ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы наурызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:- шекара кеңістігінде 1 574 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:- 25 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;- 37 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.Мемлекеттік шекара арқылы 1 059 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:- 57 факті – есірткі заттары;- 21 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана ату, 5 дана зақым келтіру және 4 дана суық қаруы, 44 дана оқ-дәрі);- 40 факті – діни әдебиет 3092 дана);- 223 факті – жалпы сомасы 110 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (47 тоннадан астам);- халық т…

0
0
207

Бұрынғы премьер-министр жаңа қызметке тағайындалды

Экс-премьер Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып тағайындалды. Фото: gov.kz"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды", деп жазды t.me/aqorda_resmi.Бұған дейін Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы лауазымын Наталья Годунова атқарған еді. Ол бүгін осы қызметінен босатылды.Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.Еңбек жолын 1993 жылы "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы қызметінен бастады…

0
0
352

Бишімбаев: «Ол біреудің көңілдесі болғанын мойындады. Аты – Райымбек»

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Онда экс-шенеуніктен жауап алынды.   «Ол маған бір кездері сол адамның көңілдесі болғанын мойындады. Мен ол адамды танимын. Әрине, мен бұған есеңгіреп қалдым. Ол әйелімнен 20 жастан аса үлкен. Төрт баласы бар», – деді Бишімбаев.  Сол сәтте төрайымдық етуші судья бөтен біреудің жеке мәліметтерін жариялаудың зардаптары болатынын ескертті.«Мен оның атын ғана айтамын – Райымбек. Бұл адамды танимын. Бір кездері жолыққанбыз. Мен әйелімді жамандағым келмейді. Бірақ болмаған айыпты тағудың қажеті жоқ», – деді сотталушы.Зардап шегуші тараптың өкілі судьядан Нүкенованың күйеуге шыққанға дейінгі мәліметтерін қарастырмауды сұрады.Бірақ Бишімбаев тоқтай қойға…

0
0
253

Тоқаев су тасқынына қатысты республикалық штабтың отырысында не айтты?

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.Онда Мемлекет басшысы қозғаған мәселелерді төменде рет-ретімен келтіріп отырмыз.Биылғы қарғын су ауқымы жағынан соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналған 2012 және 2017 жылдардағы деңгейден асып кетті. Бұл нені білдіреді? Болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Жағдай салалық мамандардың тапшылығынан туындап отыр. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа-райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келм…

0
0
351

Лаңкестер Еуро-2024 матчтарына дронмен шабуыл жасауы мүмкін

Германияда өтетін футболдан Еуро-2024 матчтарына дрон арқылы лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін. Бұны Bild-ке арнайы қызметтегі ақпарат көздері хабарлаған.

undefined

Фото: overclockers.ru 

«Украинадағы соғыс пен Парсы шығанағындағы азаматтық кемелерге хуситтердің шабуылы осы дрондардың мықты қаруға айналғанын көрсетеді», – деп жазған басылым.

Енді лаңкестік қаупіне байланысты Германияда футболдан Еуропа чемпионаты кезінде бүкіл елде дрон қолдануға тыйым салынуы мүмкін.    

Айта кетейік, Еуро-2024 чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өтеді. Олар – Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Гамбург, Гельзенкирхен, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Франкфурт және Штутгарт.

0
0
279

Бізде неге Президент араласса ғана іс алға жылжиды?

Фото: akorda.kzБаяғыда Аналарымыз: “Әкең келгенде таяқ жейсің!” деп айтатын. Бүгінгі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөгіс пен қатаң сөгіс бергені, тура сондай әсерде болғандай. Қытайдағы сапардан келген Мемлекет басшысы бүгін біраз атқамінерлерді сілкіп алды. Әлбетте бүгінгі Елдегі қайғылы жағдай - ол ситуацияның алдын алмаған жергілікті әкімдердің тікелей кінәсі. Оған дауа жоқ. Сол үшін кейбір әкімдер соңғы ескерту алды. Тіпті бір-екеуін алып тастаса таң қалмаймын. Премьер-министрдің орынбасары Р. Склярдың да тағдыры шешілген сияқты. Роман Василийұлының тікелей құзырындағы сектордан ахаулық кетті. Менің ойымша бұл жерден отставкадан басқа шешім жоқ. Су министріміз де “Пасейдон” бола алмады. Шу мен Таласты игерген адам Даланың суына қауқары жетпеген сияқты. Ең бастысы, Үкім…

0
0
269