Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бізде неге Президент араласса ғана іс алға жылжиды?

undefined

Фото: akorda.kz

Баяғыда Аналарымыз: “Әкең келгенде таяқ жейсің!” деп айтатын. Бүгінгі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөгіс пен қатаң сөгіс бергені, тура сондай әсерде болғандай.

Қытайдағы сапардан келген Мемлекет басшысы бүгін біраз атқамінерлерді сілкіп алды. Әлбетте бүгінгі Елдегі қайғылы жағдай - ол ситуацияның алдын алмаған жергілікті әкімдердің тікелей кінәсі. Оған дауа жоқ. Сол үшін кейбір әкімдер соңғы ескерту алды. Тіпті бір-екеуін алып тастаса таң қалмаймын.

Премьер-министрдің орынбасары Р. Склярдың да тағдыры шешілген сияқты. Роман Василийұлының тікелей құзырындағы сектордан ахаулық кетті. Менің ойымша бұл жерден отставкадан басқа шешім жоқ. Су министріміз де “Пасейдон” бола алмады. Шу мен Таласты игерген адам Даланың суына қауқары жетпеген сияқты.

Ең бастысы, Үкіметтің қателігі үшін президент Халықтан кешірім сұрапты. Игі қадам. Еліне жаны ашыған Басшының - жағдайды шынайы ауыр қабылдағаны сезіліп тұр.

Неге президенттің араласуымен ғана бізде мәселе жылжиды? Неге өздерінің тікелей жұмысына қарасты шешімдерді қабылдау үшін, барлығы президенттің реакциясын күтеді?

Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның жазбасы (30.03.2024 ж.)

0
0
270

Осы тақырып бойынша

Бізде неге Президент араласса ғана іс алға жылжиды? - Yvision.kz