Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бишімбаев: «Ол біреудің көңілдесі болғанын мойындады. Аты – Райымбек»

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Онда экс-шенеуніктен жауап алынды.   

undefined

«Ол маған бір кездері сол адамның көңілдесі болғанын мойындады. Мен ол адамды танимын. Әрине, мен бұған есеңгіреп қалдым. Ол әйелімнен 20 жастан аса үлкен. Төрт баласы бар», – деді Бишімбаев.  

Сол сәтте төрайымдық етуші судья бөтен біреудің жеке мәліметтерін жариялаудың зардаптары болатынын ескертті.

«Мен оның атын ғана айтамын – Райымбек. Бұл адамды танимын. Бір кездері жолыққанбыз. Мен әйелімді жамандағым келмейді. Бірақ болмаған айыпты тағудың қажеті жоқ», – деді сотталушы.

Зардап шегуші тараптың өкілі судьядан Нүкенованың күйеуге шыққанға дейінгі мәліметтерін қарастырмауды сұрады.

Бірақ Бишімбаев тоқтай қойған жоқ. Ол Салтанаттың басқа «жігіттерінің» атын атады. «Олардың арасында үйленгендері де бар» дейді сотталушы.

Ол әйелінің қатты қызғаншақ болғанына да тоқталды.

«Мен оны алақаныма салып аяладым. Үй шаруасымен айналысқан жоқ. 10 күн сайын бірдеңе шығарып отырады. Болмайтын нәрседен қызғана береді. Телефонды алмай қойсам немесе уақтылы келмей қойсам да, солай. Ашуға берілгенде өз-өзін ұстай алмай қалады. Оған хабарласып, бәрін тастап, үйге «ұшып» баруға тура келетін... Зардап шегуші оны 8 рет қайтып келді деді ғой. Ол 12 рет қайтып барған», – деді экс-шенеунік.

https://t.me/satzhangram

0
0
254

Осы тақырып бойынша

Бишімбаев: «Ол біреудің көңілдесі болғанын мойындады.... - Yvision.kz