Еліміздегі топан су басқан елді мекендерден 2800-ден астам бала құтқарылған

Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметтері 7800 адамды, оның ішінде 2812 баланы қауіпсіз жерге жекізді.
ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және Ұлттық Ұлан әуе кемелері арқылы 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.
ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың кшіме 3,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылып, 300 мыңға жуық қапшық және 45 тонна инертті материал төселді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауында.


