Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты
Ағымдағы жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті СҚО жастар бастамалары орталығымен ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Әдетте мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – өзін-өзі қамтыған азаматтарға, жұмыссыздарға түрлі жұмыс орындарын ұсыну. Осы жолы да жәрмеңкеге қатысқан қаламыздың 10 кәсіпорны мен ұйымы 200-ден астам бос қызмет орындарын ұсынды. Департамент өкілдері болса, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдарымен таныстырып қана қоймай, аудандар кесіндісіндегі мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары және оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат та берді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеру, бос әкімшілік лауазымға орналасу үші…

