Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Колледж студенттерінің мемлекеттік қызметтегі бір күні

Ағымдағы жылғы 2 наурызда Петропавл құрылыс-экономика колледжінің студенттеріне мемлекеттік қызметтің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігі берілді.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаментімен ұйымдастырылған «Менеджмент күні» акциясы аясында «Заңгер» мамандығының студенттері Департамент жұмысының түрлі бағыттарын таңдап, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызмет саласында бақылау, мемлекеттік қызметтер және әкімшілік басқармаларының қызметімен толығырақ танысты. Ал олардың екеуіне Департамент басшысының орынбасарларымен күні бойы етене қызмет ету мүмкіндігі бұйырды.


Ұйымдастырушылық кеңес барысында мекеме басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаев Департамент жұмысының басым бағыттарына тоқталып, әрқайсысының күн тәртібіндегі міндетін айқындады.
«Аталған акцияның арқасында мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын және халыққа бізбен байланысудың қолжетімді екендігін көрсеткіміз келеді» - деді, Ғалым Тұрсынбаев.
Жұмыс күні аяқталған соң Департамент басшылығы дөңгелек үстел ұйымдастырып, кейбір басқармалардың жұмысын жетілдіру жөніндегі студенттер енгізген ұсыныстарды назарларына алды.
Сондай-ақ студенттердің қатысуымен алдағы уақытта мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлық профилактикасы саласында халықтың құқықтық сауатын арттыру бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланды.


 
0
0
533

Осы тақырып бойынша

Колледж студенттерінің мемлекеттік қызметтегі бір күні - Yvision.kz