Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау
Ағымдағы жылғы 5 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының оқу жобасы шеңберінде тәлім алып жатқан болашақ кәсіпкерлерге семинар өткізді. Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.Т. Қазбекова, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына Департамент тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізілетіндігін айтты, сондай-ақ ол мемлекеттік органдармен әрекет ету кезінде бизнес-субъектілері жиі тап болған әкімшілік тосқауылдардың бірқатары жойылғандығын жеткізді. Ал сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов, жиылғандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін заңнамамен таныстырды. Әсіресе, кәсіпкерлердің мемлекетт…




