Мемлекеттік қызметшілер қатары толықты
Ағымдағы жылғы 2 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурстық іріктеуден сүрінбей өткен жаңа қызметкерлерімен танысты. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының талаптарына, Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу Ережесіне сәйкес, Департамент алғашқылардың бірі болып бос орындарға конкурс жариялаған болатын. Осыған дейін, үстіміздегі жылдың 22 ақпанында бас маманның 15 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу өткізілді. Нақтырақ айтқанда, 56…


