Мешітте ауызашар берілді
2014 жылғы 4 шілдеде «Сырдария-Ақмешіт» орталық мешітінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті ауызашар ұйымдастырды.
Ауызашарға 120 адам қатысты, оның ішінде тұрмысы төмен жанұялар, мешіт қызметкерлері, облыс ақсақалдары, қаржы полициясы органдарының ардагерлері мен қызметкерлері болды.
Мол жайылған дастархан басында адамдар бір-бірін мұсылмандар үшін киелі – Рамазан айымен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан, бейбітшілік және береке тіледі. Осы уақытта мұсылмандар мұқтаждарға барынша қамқорлық жасауға және ізгі істер істеуге тырысады.
