«Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіруін талқылады»
Ағымдағы жылғы 30 маусымда Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау мәселелері бойынша кеңейтілген семинар-конференция өтті. Семинар-конференцияда талқыланған және қарастырылған негізгі мәселелер - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған қолданыстағы заңнамадағы кемістіктер мен олқылықтар.
Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Е.Б.Бейсеков кездесудің модераторы болып, кездесу маңыздылығын және жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдау 30 дамыған елдердің қатарына кіру факторларының бірі деп белгіледі.
Семинар жұмысына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Р.Әкімов, прокуратура органдарының, Ақмола облысы ІІД, Салық департаментінің, Әділет департаментінің, «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ақмола облысы адвокаттар одағының, үкіметтік емес ұйымдарының және жоғарғы оқу орындарының басшылығы мен өкілдері қатысты.
Өз баяндамасында Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті заң кызметі бөлімінің басшысы Қ.Қалықов қатысушыларды Департаменттің ұсыныстарымен таныстырды, оның ішінде: азаматтарды сыбайлас жемқорлықпен күрестегі қызығушылықтарын арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға біржолғы ақшалай көтермелеу мөлшерін көбейту; маңызы бар мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлік және конкурстық комиссияларына қоғамдық бірлестіктердің, тексеру және бақылау органдарының өкілдерін енгізу; мемлекеттік қызметкерлерді міндетті түрінде полиграфта (өтірік детекторы) тексеруді енгізу; салық саласының заңнамасына өзгерістер енгізу және т.б.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңдарға ұсыныстар мен ескертпелер есепке алынып, әрі қарай талқылау үшін ҚР Қаржы полициясы агенттігіне жолданатыны, кездесудің соңында Ақмола облысы бойынша ЭСЖКД бастығының орынбасары Бейсеков Е.Б. белгіледі.
