Мазмұнға өту
ernarito

Yernar Seitachmet

@ernarito

Сайтта 2012 ж. 7 қыркүйекКазахстан, Павлодар

Қызықты оқиғалар. Мазалған сұрақтар. Қазақтың кинолары. Әлемнің кітаптары. Өлеңдер мен видеолар. Сапаралардан естеліктер.

рейтинг

99

жазбалар

57

пікірлер

98

тіркелуші

17

жазылымдар

33

Өзге ұлт өкілдері түсінбес комедия

Сенімсіздікпен қарап отырмын. Ойымда фэйсбуктегілердің жазған пікірлері. Қазақтар кино түсіре алмайды. Бұл бір жағынан. "Төреғалиді әдемі қолданған" деген сөз екінші құлағымда. Жанымда екі інім де бар. Шақырған мен, олардың да уақыты бос өтпесін деймін. Бір қатар төмен отырған қыз "Фильм же на русском?" - деп сұрады. Қарап қоямын, "Қазақша мүлдем түсінбейді-ау, мына қыз". Алғашқы минуттан-ақ зал ду күлісті, қазақы әзіл, қазақы темперамент, қазақы орта. Мен болсам өзімді тоқтата алмай отырмын. Екі езу екі жақта. Сабырға келер емес. Көршімнің әйелі еске түсті. "Мәәә" дегенде Мақпалы. Анау, Тегістіктегі бір-екі жігіт те осы фильмде. Шай ішіліп, дастархан жайылғанда, 6 сағат отырып, ет енді келгенде ауылды еске алдым. Пах, шіркін, ауылым-ай... Мен қазақтығымды жақсы көремін. Қазақтың үлкенге…

5
6
634

Бақытжан Бұқарбаймен сырласу

Жұрт көп мақтайтын дүниеге көзім жетпегенше сенбейтін жаман (әлде жақсы ма?) бір мінезім бар. "Абай жолын" қолға алғанда, Ремарктың кітаптарын қолға алғанда сондай сенімсіздікпен қарайтын едім, Карнегидің кітаптарын оқымай қойғаным да сол жұрттың аса мақтауынан. "Күміс кітапқа" да сыни көзбен қарадым. Астанаға түсті деген соң "Мегадағы" "Меломанға" бардым. Бағасы да айтқандай өзгеріссіз 1090 теңге. Негізі, бұл бір жуан, ұзақ кітап деп ойлаған ем, қолыма әдемі, жұқа кітапты ұсынғанда тіпті сенімсіздікпен қарадым. Бақытжан мырзамен шынайы сырластық. Оның кітапқа деген құрметі, кітапқа деген махаббаты Сізді де әр парағын, әр жазғанын бағалауға шақырады. Бұрындары ойланбаған "кітаптың бағасы", "қалай таңдау керек" деген сұрақтардың жауабын алдым. "Абай жолын" оқығанның маңыздылығы мен "қазақ…

0
0
607

Сізге таныс 3 жағдай. «Эдгар По көлеңкесі» кітабынан

Эдгар По - американың Балтимор қаласында дүниеге келіп, небәрі 40 жасында өмірден өткен американдық романтизмнің өкілі. Ол өмірден белгісіз жағдайда өтті. Бірі - алкогольдік ішімдікке масайғаның айтса, енді бірі оны у беріп өлтірген деседі. "Марқұмды" жерлеуге санаулы адам келген, алайда, ең қызығы - оның "зияратына" жыл сайын белгісіз бір адам келіп тұрады екен. 2009 жылға дейін осы жағдай қайталана берген. Бұл кітап жұмысы жоқ, уақыты көп, детективтерді жақсы көретін адамдарға арналған. Тым ұзақ, әрі оқиғалар желісі шаршатып жібереді. Бірақ, басты кейіпкер секілді бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын "қырсықтарға" арналған десем, қате айтпаспын. Кітаптан не түйдім? 1. Адам өз ісіне ешбір қиындыққа қарамай сену керек дейді. Кітаптың басты диллемасы да сол - бастаған ісіңді ешбір айналадағы…

0
0
500

«Ең сенімді жауынгер» Иманғали 60 жасқа толды

"Нұрсұлтанның ең сенімді серігі", "Қазақстанның үздік кризис менеджері", "Өнер жанашыры" және тағы да көптеген жақсы теңеулердің иесі, халық "Имекең" деп еркелетіп-сыйласқан Иманғали Тасмағанбетов бүгін 60 жасқа толып отыр. Қазақстан комсомолдар ұйымының жетектішісі, Президент көмекшісі (1993), одан кейін үш рет Премьер-министрдің орынбасары (1995, 2000, 2016 ж.) қызметін атқарған. Сонымен қатар, Атырау облысы, Алматы мен Астана қаласының әкімдктерін, Қорғаныс (2014-2016 ж.), білім және мәдениет министріліктерін басқарған. Ел аузында Иманғалидің айтқандары да көптеп таралған. Солардың бірі Астана қаласының халқына есеп беру кезінде орыс кемпірінің "Мешіттегі айқайлаған азан күніне 5 рет мазамды алады, бұл не сұмдық?!" - деп шағымданыпты. Сонда Иманғали "Егер де 6-рет айқайласа маған айта…

4
1
1095

Рухорда. Үш жүздің басын қосқан Тараз. Естеліктер.

"Тараз" десе "Тарих" сөзінің қатар айтылуы бұл қаланың қазақ үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынамыз. 2016 жылдың ең сәтті сапарлардың бірі - Тараз сапары болды. Әсіресе, 550-жылдық мерейтойдан кейін барғаным Тараздың көркімен, қазақтың тарихымен, жастардың өмірімен танысуға үлкен септігін тигізді. 350 мың халқы бар рухты орданың әуе кемесінен қарағанда үлкен мегаполиске ұқсайды. Биіктіктен қарағанда. Анығында, айналасындағы ауылдардың тым жақын орналасуынан осындай көріністер көз алдымызға келеді. Ұшақтың терезесінен салынған бұл суретте үлкен ауыл белгіленген. Тараздың маңы ма деп топшыладым. Бірақ, өзі де болуы мүмкін. Жап-жаңа әуежайға 10 деген баға бердім. Кіре берісінен жалтырап тұр, бәрінен де ұялы телефондарға қуат беруге мүмкіндік беретін электр көздері қуантты. Аэропорттан шыға…

0
0
1858

Әскер ауыл балалары үшін «әлеуметтік лифт» бола алады ма?!

Жақында сенат депутаты Дариға Назарбаева жедел әскери қызметті 2 жылға ұзартуды ұсынды. «Ең бірінші неден бастаймын?! Егер қорғаныс туралы айтатын болсақ, Үкіметте біз жастардың ісін көтерген болатынбыз. Мектеп бітірген жастар арасында колледжге де, жоғары оқу орындарына да түспейтіндер көп. Олар жұмыссыз қалады. Осы тұрғыда статистикалық мәліметтер өте нашар. Жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға тарта түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік кеңістігіне ене алмауда. Мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартып, жедел әскери қызметке қабылданатындардың санын көбейтуді көтергім келеді. Жастар әскерде міндетін атқаруға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды меңгеріп алар еді» Осы мәселе бойынша үш жағдай есіме түседі. Барлығы өз ауылымның жігіттері жайында. 1. И…

2
0
1333

Антиромантика. Көзімді ойып берейін сен үшін

Жақында фб лентамды ақтарып, мынандай бір жазбаға көзім түсті: Амантай Тойшыбай. «Соқыр қыз» Су қараңғы зағип қыз өзін де, өзгелерді де шексіз жек көретін. Ол тек өзіне ғашық болған бір жігітті ғана жақсы көріпті. Өйткені, сол жігіт қана бойжеткенге ерекше қамқорлық жасап, анасынан да артық көңіл бөледі екен. Бойжеткен өмірді көзбен көретін сәтті күн туар болса, осы жігітке сол күні-ақ тұрмысқа шығамын деп ант етіпті. Сонымен, Құдайға қараған бір жақсы адам оған екі көзін сыйға тартып, бойжеткен бұл әлемді де, өзінің ғашық жігітін де көрген екен. Ғашығы: «Жаным, өмірді көзіңмен көретін сәтті күнің туды, енді маған тұрмысқа шығарсың?» депті. Бойжеткен жігітке көз салса, ғашығы дәл өзіндей соқыр екен. Қыз селт етіпті де, сол сәтте одан бас тартыпты. Жігіт те жылай-жылай алыстап кете барыпты…

1
0
603

Террорлық актілер кезіндегі не істейміз?!

Ақтөбе. Енді міне Алматы. Еліміздегі "белгісіз" күштер мемлекеттік тәуелсіздігіне қарсы үлкен іс-әрекеттер жасап жатыр. Бауырларымызды өмірден айырып, ағаларымызды мүгедек қылдыруда. Ақпараттық әлемде тағы да жеңілудеміз. Осындай жағдайларда көп адам не қыларын білмей жатыр. Әрбір қазақ білсін деп өз ой-түйгенімді жазуды жөн көрдім. Сонымен, төтенше жағдай кезінде не істеуіміз керек?! 1. Құзыретті органдарды хабарландыру - егер де жақын жерде автомат кезегінің дауысын, жарылыс я басқа да дыбыстарды естісеңіз видеоға түсіруден, фото жасаудан бас тартыңыз - бірден құзыретті органдарды хабардар етіңіз. Әлеужелі пайда болғаннан соң халық суреттерді елден бұрын таратуға құштар болатыны өкінішті. Алайда, суретке түсіремін деп оққа түсіп қалуыңыз мүмкін. 2. Ешқайда шықпаңыз - егер де тиісті нұсқ…

1
0
5035

Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.

Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін күні еліміздің батысында боламын деп ойламаған едім. Сәтіміз келіп, сапарымыз оңымыздан шығып осы бір қалаға жетіп қалдық. Атыраудың орталық мешіті "Иманғали" деп аталады, Атыраудың қақ ортасынан орын алған бұл ғимараттың паркімен бірге алғандағы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық, ал жекелей алғанда 1300 шаршы метр. Биіктігі 23 метр болатын күмбезінің диаметрі 7 метр, екі жағынан 26 метр болатын екі мұнарасы бар. Исатай-Махамбет ескерткішінен 5 минуттық жолда, жан-жағы банктерге толы, қаланың орталық алаңында орналасқан. Уақыт түнгі 11-ден асқан сәтте бұл мешіт жаққа такси ұстап жетіп қалдық. Адамдардың көптігі таң қалдырды, алайда, мешіт ауласының әр сантиметрінде бір адам жүргендей көрінді м…

4
0
1711

Мейрамбек синдромы. Қазақтар Баян Есентаеваны қадірлей бастайды ма?!

Екі апта бұрын елімізді дүрліктірген оқиға аймағымыздың барлық арналарынан беріле бастады - қазақ қыздарының "үміті", еліміздегі ең танымал ханым Баян Есентаева ауруханаға түсті. Бұған дейін "Баянның жақтастары" мен "Баянды жек көрушілер" болып бөлінетін халық. Есентаева ханымның осындай жағдайға түсуі ешбір жанды ойландырмай қоймады. Мен оның жобаларынан Мейрамбек қатысқан "Ғашық жүрегін" ғана көрген ем, "Қазақ аруына" бір рет көрермен болып бардым, оның өзі тегін билет болғандықтан. Былайша айтқанда, үлкен фанаты болған жоқпын, алайда, дәл Баяндай Қазақстанда жемісті еңбек еткен продюссердің жоқ екеніне көз жеткізгендеймін ойлана келе. Иә, қазақтың басынан бұндай оқиға өткен еді. Бір кездері "Мейрамбек тәкәппар болып кетті", "ішімдікке салынды" дегендей сыбыз ақпарат көбейді. "Халықтың…

1
0
544