Ахметтің Ғазизасы
Өткенде «Қазақстан» концерт залына бардық. Композитор Ғазизаның туғанына 90 жыл толуына орай кеш өтті. Сонда білдім Ахмет Жұбановтың қызы Ахметтің өзінен де кем түспегенін. Ғазиза Ахметқызының күнделіктегі жазбаларының шағын ғана бөлігін таба алдым ғаламтордағы «Алматы ақшамы» газетінің сайтынан.
Қыз әкесін қатты жақсы көргені көрініп-ақ тұр. Кім жақсы көрмейді дейсіз. Ғазиза сол сезімдерін қағазға салған. Сол жазбаларында айтады - әкесі өмірінің соңында жалғызды қалуды жақсы көрген екен. «Талантты адамдардың жалғыздықты қалап тұратыны несі?!» деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа жауап беру оңай емес…
Ғазизаның өзіне оралсақ. Күйеуі атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов. Ғазиза өмірден өткен соң 14 жыл өмір сүрген екен. Сирек болатын құбылыс деп таң қалдым бұған да. Бірақ, бәрінен де Ғазиза Ахметқызының шығармашылығы таң қалдырады. 5 опера, 3 балет, 3 оратория, 7 фильмге сүйемелдеу жазған. Есептей беріңіз. Бір ғасырда осыншама жасап тастаған қазақтың қызы барына таң қалмасқа амал жоқ.
Қанның қасиеті бір басқа ғой. Ахметтің ағасы қазақтан шыққан тұңғыш тіл ғылымының профессоры. «Халық жауы» атанып, атылып кеткен. Қызы Ғазизаны жоғарыда айттық. Күейу баласы үлкен режиссер. Болған. Ал немерелері Ресей мен Қазақстан сахналарын көркейтіп жүрген жандар.
Кештен шыққан соң Ғазиза жайлы ештеңе білмейтінім өзіме де қызық болды. Енді, бөлгеніммен бөлісіп жатырмын. Бұл уақытым жетіп, ойға жазғаным ғана. Қоса алмағаным бір төбе.
Адам жанын тыныштандыратын классикалық музыка дейтін әпенді. Кез-келгеннің көңілін жаулай алады десем артық айтамын, дегенмен де жұмыс істеп жатып тыңдайтын таптырмас әуен. Жаныңды тыныштандыратын. Қатты түсінбесем де, тыныштандыру қабілетіне басымды иемін.
