Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Алмас қылышты» көру кімдерге ұсынылмайды. Адамдар мен мінездер

Рухтанып жүрмін. Екі күн болды, азамат екенімді сезініп жүрмін. Қазақтың әнін тыңдап, жырың тыңдап, елін ойлап. Соңғылары үйреншікті болса да, басқаша көзқарасқа ауғандаймын. Елімді сүйеді екенмін. Жоқ, көктем жақындағаннан емес, "Алмас қылышқа" бардым. Көрдім. Өте жақсы фильм. Тіпті, "өте жақсы" дегенімнің өзі фильмнің бар құдыретін жеткізе алмайтын секілдімін.

Жә, мен секілді "впечатлительныйлар" көрсе осылай рухтанады ғой, ал "Алмас қылышты" көрсетуге болмайтын адамдар бар, яғни, адамдардың бірнеше типтеріне бұл фильмді көруге кәдімгідей тыйым салынған. Осы тізіммен мұқият танысып, өзіңізді көрсеңіз - 1700 теңге мен 2 сағат уақытыңызды үнемдейсіз.

Сонымен, "Алмыс қылышты" көруге тыйым салынған адамдар келесідей:

1. Көркем шығарма мен тарихи шыңдықты ажырата алмайтындар. Иә, "Абай жолын" - ол өтірік кітап дейтіндер, "Алмас қылыштан" тарихи қателіктер іздеп отыратындарға бұл киноны көру "противопоказано". Жүрегіңізді ауыртасыз. Себебі, бұл - көркем шығарма һәм тарихи шыңдыққа ұмтылмайды. Бастысы - өткенімізге деген түбегейлі көзқарасты өзгертпейті, "Викинг" емес ол. Бірақ, сонда да, егер "тарихи шығарма" мен "көркем шығарма" арасындағы айырмашылықты көре алмасаңыз - киноға бармаңыз.

2. Егер де Сіз "Әбләзівшіл" болсаңыз. Сәләфшіл, уахабшіл, мемлекетшіл секілді "Әбләзівшіл" деген терминді қолдануды жөн көрдім. Олар - мемлекеттің барлық жасағанын теріске шығарып, әр ісінен кемтік іздейтіндер. "Жаптым жала, жақтым күйенің" айналасындағылар, осы фильмді де көріп "осындай ақшаны кетіргенше, балабақша салмадыңдарма" деп айтуға тағы да бір себеп туады сіздерге. Көрмесеңдер де айтасыңдар ғой, какая разница?)
3. Әйел азаматтың дұға оқығаның дұрыс емес қой? Аруақтар туралы сөз қозғаған секілді, жалпы, бұл кинода қазақтың дәстүрлі діни-сенімдері мен дәстүрлі исламның "көзқарастары" шынайы көрсетілген. Көк тәңірі жайлы да сөз қозғалады. Яғни, егер де Сіздің дәстүрлі ислами көзқарастармен "қайнаса" алмайтын қасиетіңіз болса, немесе дінге "толерантты" қарай алмасаңыз - бұл фильмді көрмегеніңіз абзал. Денсаулығыңызды ойлаңыз.
4. Қазақтардың фильм түсіру қабілетіне сенбейтіңдер. Осындайлар фб аумағында толып жатыр. "Қазақтар кино түсіре алмайды" деп даурығып жүргендер. Сіздің аузыңыздар осы сөз шықты ма? Демек Сіз де көрмеуіңіз керек. Қобыландының образы, Әбілқайыр мен Керекдің образдары қалай суреттелгені көріп, көңіліңізде бір ірің пайда болады. Қызғаныштың іріңі. Сол үшін де көрмегеніңіз абзал.
Егер де Сіз жоғарыдағылардың қатарында болсаңыз, және "өмірлік ұстанымыңызға" берік болсаңыз, тағы да айтамын, "Алмас қылышқа" жақындамаңыз. Себебі, "Алмас қылыш" рухтандыратын, қазаққа деген құрметті, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыртын фильм. Тек, соңында аяқталмай қалатыны өкінішті. Жалғасы керек. Күтудеміз.
3
4
910

Осы тақырып бойынша

«Алмас қылышты» көру кімдерге ұсынылмайды. Адамдар мен мінездер - Yvision.kz