Некролог: ақын Мұзафар Әлімбаев өмірден өтті кеше
Павлодардан 60 шақырым жерде Маралды көлі мен аттас ауыл бар. Бар қазақ біледі бұл жердің барын. Көңілінің емдік қасиеті бар, бірақ ол үшін емес. Ауылдың тумасы Мұзафар Әлімбаевтың “Маралдым” әні үшін. Мұзарттың өзі орындаған ән.
Мен де бұл әнді бала кезден естуші ем. Анам орындайтын ара-арасында. Әкемнің жұбайы ел алдында ешқашан көсіліп ән салған емес, алайда, май піскенде, қаз баққанда, көрші ауылға барғанда айтушы еді.
Жазда Маралдыда курорттық зонаның ашылғанын елге мақтанышпен жариялады. Үлкен той біздің аймақ үшін. “Мың рет естігенше, бір рет көрген артық” деп жүріп, әлі де бармадым сол ауылға. “Маралдыммен” синонимдес Мұзафар Әлімбаевті де көремін деген ой туатын кезі-кезі келгенде.
Кішкентайымыздан мемлекеттік гимнді жаттап өстік. Әнұранымыз ойнағанда бір көтеріліп, көсіліп қалушы едік. Сол арқылы Мұзағамен тағы да таныстым. Мектепке келгенде авторларын үйрететін. Жаттататын. Ол гимді бір топ ақындар жазды - Қадыр Мырза-Әли, Жадыра Дәрібаева, Тұманбай Молдағалиев пен Мұзафар Әлімбаев. Қай-қайсысы да қазақ үшін ерек туған азаматтар. Бүгін тек Жадыра Дәрібаева ғана қалды. Тұмекең мен Қадырдан 2011 жылы айырылдық.
“Жамбылдың жасын берсін” дейді қазақ. 99 жыл өмір сүрген Абайдың құрдасы жүз жасай алмады. Сол Жамбылдың жасына сәл жетпей қалды Муза аға.
“Балдырған” деген журнал естеріңде ме бала кезде оқыған. Бөрік киген баланың түрін аптасына, айын бір рет көретін едім. Мұзафар Әлімбаев сол журналдың бас редакторы боплып 30 жылға жуық жұмыс істеген екен.
Қасым Аманжолов, Қасым Қайсенов, Жұбан Молдағалиев, Қалижан Бекхожин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұзафар Әлімбаев - соғысты көрген қазақ әдебиетінің классиктері. Енді бірі қалмады ортамызда. “Көпті көргендерден сұра” дейді қазақ. Көпті көрген де, көп оқыған да ұрпақтан көзі тірісі қалмапты.
Фаризамен қоштасқан жылдары “Енді кіміміз қалды?” деп ойланушы ек Назерке екеуміз. Қилы заманды бастан кешірген бір ұрпақ өтті.
Иманды болсын.

