Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

МАИ қызметкері Сізге көмектесіп көрді ме?

Досыммен келе жатқам, кешкісін, көлікпен, темір құрғыр сыр бере бастады. Амал жоқ, "Жұмбақтастың" жанындағы алғашқы "парковкаға" кеп тұрдық. Алдымыздан МАИ қызметкері көрінді. "Тиіспесе екен" деген ішіміздегі ойымызды сыртқа білдіртпедік.

Мотордың "есігін" ашып, қолымыздан келгенше шұқыладық. Ат десе жанын беріп, авто десе қашатын менің қолымнан келетіні шамалы, досым да Тохтар секілді тым болмағанда тістеуік те алып жүрмейді ғой. Өтіп бара жатқан көліктердің бірі тоқтап қал да сұрамайды, біз де көмек сұрамаймыз.

- Жігіттер, не болып қалды?! - деп жаңағы МАИ қызметкері келіп, ақ көйлек киген досымның капотына үңіле қарады. Шұқылап, "тістеуік керек" деді. Болмағанына таң қалған жоқ, ай бірақ, күл мен көмірді ажырата алмас адамнан тістеуік сұрағаны енді жөн емес қой. Жақын тұрған "Риксостың" күзетшілерінде де табылмады. Амал жоқ, тап-таза қолымен кірісіп, қолдан келгенін жасады...

Біз жамандап үйренген МАИ қызметкерлерінің осындай адамгершілігіне сүйсіне қараймыз ғой. Анығында, онда тұрған еш тамсанарлық дүние болмауы тиіс. Себебі, адамдық мамандықты таңдамайды.

 

 
1
0
1054

Осы тақырып бойынша

МАИ қызметкері Сізге көмектесіп көрді ме? - Yvision.kz