Астанада автокөлік құралдарын кәдеге жарату мәселелері талқыланды
2014 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров көлік құралдарын кәдеге жарату және көлік секторындағы энерготиімділік мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Аталған шараға ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Басқосу барысында Н.Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында автокөлік паркін жаңартуды ынталандыру мақсатында көлік құралдарын кәдеге жарату және осы сектордағы энерготиімділікті жоғарылатуды көздейтін жаңа бағдарламаны әзірлеу қарастырылғаны туралы баяндады. Сонымен қатар министр автокөлік өндірісі қалдықтарын қай…