«БЕКІРЕ-2014» кең ауқымды балық қорғау шарасы жөнінде
2014 жылдың 28 мамырында кең ауқымды «БЕКІРЕ-2014» акциясын өткізу барысында балық қорғау қызметін бақылау бөлімі Маңғыстау облысы ІІД табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірігіп, Форт-Шевченко-Ақтау тас жолында Форт-Шевченко қаласы тұрғынының басқаруымен «Тойота-Камри» маркалы автокөлігін ұстады.
Тексеріс барысында жалпы салмағы 117кг бекіре балық түрі тәркіленді.
Жиналған материал процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
2014 жылдың 28 мамырында балық қорғау шараларын жүргізу барысында Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, аудандық прокуратура және полиция қызметкерлері, «Орман және аңшылық шаруашылық» жедел әрекет ету отрядының инспекторларымен бірлесіп Майқапшағай-Омск тас жолында Өскемен қаласының тұрғыны басқаруымен «Газель» автокөлігін тоқтатты.
Тексеріс нәтижесінде жалпы салмағы 1216 кг көксерке тәркіленді.
Барлық жинақталған құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тарбағатай ауданының ішкі істер бөліміне жолданды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-90/
