Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
VII АЭФ аясында ҚР ҚОСРМ басшысы Н. Каппаров бірқатар кездесу өткізді
22-23 мамыр күндері VII АЭФ аясында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров екіжақты кездесулер өткізді. Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Паулу Порташпен өткен кездесу барысында екі ел арасында қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Нұрлан Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты тәжірибе алмасу мен технологиялар трансферіне қызығушылық білдіріп, инвестициялар тарту арқылы су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар министр Орталық Азия елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі үшін жағдай жасау мақсатында құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарлам…
Қостанайдың жастары «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров 2014 жылдың 5 маусымында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттерімен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған...
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу перспективалары, экологиялық саясатты іске асыруда қоғамның қатысуын және әрекеттесуін күшейту тақырыбындағы баяндамалармен танысу жоспарлануда. Сонымен қатар, экологиялық байқаулардың жеңімпаздарына жүлделерді және мақтау грамоталарын тапсыру өткізіледі. Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар «Табиғат – тал бесік» фотокөрмесін тамашалайды. Өткізілетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі 11, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында. Өту күні мен уақыты: 2014 жылдың 5 маусымында, 14.30-да. Қатысушыларды тіркеу уақыты – 14.00-де. Қатысуыңызды 2014 жылдың 27 мамырына дейін растауыңызды сұраймыз. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша Экологиялық ақпарат және талдау басқармасының басшысы Айнел Бейсенғазықызына Рымбаеваға 8 (71…
Құрметті табиғат пайдаланушылар! «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы бұйрығына өзгерістер мен..
Құрметті табиғат пайдаланушылар! «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2014 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде сауда операцияларын жүргізу және Квоталар бөлудің бірінші ұлттық жоспары бойынша міндеттемелерін аяқтау қажеттілігі жөнінде сіздерді хабарландырамыз Құрметті табиғат пайдаланушылар! «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін…
Қазақстан орнықты даму бойынша Азия-Тынықмұхиттық форумының төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы орнықты даму жөніндегі Азия-Тынықмұхиттық форумының төрағасы болып тағайындалды. Бұл шешім 2014 жылдың 19-21 мамыр аралығында Паттайя (Тайланд) қаласында өткен форумның 5-ші сессия барысында қабылданды. Басты мақсаттарының бірі экономикалық, әлеуметтік, қаржы және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту мәселелеріне қатысуға әлем елдерін ынталандыру болып табылатын форум жұмысына өңір елдері, қызығушылық танытқан даму институттар, ғылыми және қаржылық, сондай-ақ индустрия және бизнес ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумға ҚР қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов қатысты. Ол планетарлық шектік көрсеткіштер шеңберіндегі бірлесіп даму мәселелері жөніндегі сессия мен министрлердің «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Аталмыш форумды БҰҰ Азия жә…
АЭФ-та «жасыл» экономиканы ілгерілету механизмдері талқыланды
2014 жылғы 21 мамырда Астаналық экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су министрлігі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі және ЮСАИД Орталық Азиядағы уәкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Smart Green Business Forum» панельдік сессиясы өтті. Көтеріліп жатқан тақырыптың өзектілігі сессия барысында талқыланған мәселелер шеңберін анықтады: • «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету механизмдері; • Климаттың өзгеруін бәсеңдетудің нарықтық тетіктері; • «Жасыл» экономикаға бағытталған білім трансферті; • «Жасыл» бизнеске инвестициялардың тартылуын ынталандыру; • Орман шаруашылығы секторындағы кәсіпкерлікт дамытуі; • Бизнес шешімдер: таза судың қолжетімділігі. Сессия жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары…
Баламалы электр энергиясының үлесі 2050 жылға қарай 50%-ға жетпек
Елімізде парниктiк газдарды сату жүйесi iске қосылмақ
BNews.kz 1 шiлдеден бастап Қазақстанда парниктiк газдарды сату жүйесi iске қосылмақ. Бұл туралы VII Астана экономикалық форумы барысында Қоршаған орта және су ресурстары министрi Нұрлан Қаппаров мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi. «1 шiлдеден бастап Қазақстанда парниктiк газдарды сату жүйесi iске қосылмақ. Бұл ТМД елдерiнде алғаш рет қолға алынып отыр. Сонымен қатар биыл бiз қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша бiрнеше жобаларды құрылымдаймыз. Сондай-ақ қалпына келтiрiлетiн энергетика бойынша алғашқы жобалар да пайда болды. Алдағы уақытта бiз тарифтердi бекiтемiз. Бұл Қазақстандағы қалпына келетiн энергетиканы дамыту үшiн үлкен қадам болмақ. Бүгiнде бiршама жобалар әзiрленуде. Бұл жобалардың көлемi 3 млрд долларды құрайды. Олар алдағы 3-4 жылда инвестицияланатын болады», –…
VII АЭФ қатысушылары «жасыл» принциптерді дамытуға шақырды
BNews.kz VII АЭФ қатысушылары «жасыл» принциптерді дамытуға шақырды. Бұл туралы бүгін VII АЭФ аясында өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ көшпелі брифингі барысында «Жасыл академия» жобасы – NESDCA президенті Бақыт Есекина мәлімдеді. «Smart green» панельдік сессиясындағы талқылаулар барысында біз бірақатар ұсыныстар пакетін қабылдадық. Олар жалпы алғанда VII Астана экономикалық форумына қатысушы мемлекеттер үкіметтеріне арналған «жасыл» принциптерді алға тарту мен қолдау саласындағы мемлекеттік қолдау, құрылымдық реформалар жүргізуге үндеу болып табылады», – дейді Б.Есекина. «Сонымен қатар, бұл үндеу әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа климат өзгеруінің әсерін зерттеуге бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, ұлттық статистика жүйесінде «жасыл» қорғаныс тәсілдерін әзірлеу және е…